Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев 89 жасында дүние салды. Әбдімомын Желдібаев — 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері атанған. 30 жылдан астам уақыт «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Толғау», «Ерке сылқым», «Боз жігіт», «Жесір сазы», «Ыдырыс», «Аққу», «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өз атынан және партияластары атынан күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды