Бізде жалпақ ұран бар «Қазақ тілі -мемлекеттік тіл» деген. Бірақ, біздің елде Қазақ тілі соңғы сатыда. Байғұстың тілі. Пақырдың тілі. Соқырдың тілі. Сорлының тілі. Мемлекеттік мекемеге барсаңыз алдымен «Здрәсти!» дейді. Сәлеметсіз бе! -деп кері амандассаңыз. Демек Сіз «ауылдан шыққан соңғы мәмбетсіз!» өзіңізді басынан бастап, аяғыңызға дейін сұқтанып менсінбей қарайды. Түсінігі төмен. Ойы таяз. Зиялы емес. Оқымаған деп деген пікірде сізді амалсыздан қабылдайды.
Мысалы: Сіз үлкен лауазымды қызметкерге жазылып мұң-мұқтажыңызды айтуға бардыңыз. Ол Сізді қабылдап отыр. Еститін Мемлекеттін дүрдей ақжағалысы. Сіз мұң- шағымыңызды айтып жатырсыз. Пәтерім жоқ. Жағдайым жоқ т.т. Ол бас изеп әгәрәки «қаламсабын» ұстап соған қызықтап отырса Сізді ол түсінбей отыр, тілді білмей отыр. Психологиялық тұрғыда Сізді амалсыздан енжар қабылдап отыр.
Жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақ тілінің ахуалы жайлы үл-кен мінбелерде айтылады. Осыдан он жыл бұрын аталарыңыз айтты «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін!» деді. Ұрандап ап тарттық. Алаш қайраткерлерінің сөзін банерге ілдік. Бірақ, балаңыз балабақшаға барса тілі орысша шығады. Экран ток-шоу. Қалаймын. Қаламаймын. Көреміз. Өреміз. Өсеміз. Бөсеміз. Тағы тағы бірдеңелер. Сосын барып қай-дан тіліміздің жайы дұрысталсын!?
Бишембаевтың сотын жарты әлем көріп жатыр дейді тікелей эфирден. Анау Байжанов байғұс «қазақша сөйлеп еді» аудармашы алып келді. Судья қазақ. Прокурор қазақ. Адвокат қазақ. Сотталушы қазақ. Марқұм да қазақ. Қазақстан деген елміз. Әлем таныған. Жер -жаһан таныған деп кеуде кереміз. Қазақ тілінің ахуалын осы жолы шындап көрсетті. Шетел күліп жатқан шығар!? «Мына байғұстар әб-ден қатардан қалған екен. Өзінің тілінде сөйлей алмауы масқара!» екен деп. Біз мыңқ етпейміз. Былқ етпейміз. Өйткені, сүйегімізге дейін баяғы ескі әдет сіңіп кеткен. Бұдан былай «біз қазақпыз!» деп айтудың өзі, жазудың өзі ҰЯТ!
Намысымыз жер болды. Абыройымыз шашылып жатып, шетелдің заңында былай деп ауы-зымыз-ды созып солардың заңдарын кіргіземіз. Алдымен шетелдей болып алуымыз керек. Тілін сақтап, ғылымын дамытып отырған. Намысы бардың барлығы Бишембаевтың сотын көріп жылап отыр. Жырлап жатқан жоқ. Құрма ағашын жаратқан құдай тікенді де жаратқан деген осы-ау!.. Тіліміздің тірідей өліп жатқаның көріп айқайға басатын ешкім жоқ. Бұл сот мен үшін қызық емес. Көрсетпесе де болады. Елді су алып, тоғыз облыстың тұрғыны тілсіз жаумен арпалысып жатқанда. Бай баласы ерікті екен деп, қараша халық ерігіп жатқан жоқ. Соттасын. Барлығы заң аясында. Кісі өлтірді ме, қылмыстың арты жаза болуы тиіс! Мәймөңке емес.
Бишембаевты қорғап жатқан заңгерлер, кешегі қаңтарда жазықсыз сотталғандарға «солай неге араша» болмапты. Өйткені, олардың «рахметтен» басқа берері жоқ. Сосын қайтсын!?
Сонымен мемлекеттік тіл -бізде соңғы сатыда екендігін тағы да бір айқындап берді. Құр сөз. Жалпақ жадау ұран… бізді ұшпаққа апармайды. Зордың түбі қор болып осылай қала береміз. Ғұмыр -біреу, кезек-екеу. Отыз екі жылдан бері тілі дамыған елдің, экономикасы, басқасы дамиды дегенге өз басым бүгіннен бастап сенбейтін болдым. Қалт-құлт етіп отырып, біреудің сасық қойныңа кіріп жан бағып қалмасақ жарайды-ау осы!..
Бишембаевтың тағдыры емес,
Мендегі үрей -елдің тағдыры!!!
Бурабайдың Жеңісі