Ұялы телефоным шырылдай жөнелді. Қоңыраулатып тұрған ескі танысым. Ойпырым-ай! Бұл таныстың бағы зор екен. Аяқ астынан дәрежесі көтеріліп өсті де кеттік. Бәрінен бұрын ептілігін айт. Баяғы ауылда жылқы баққанда, құрық сүйрегенде ішуден алдына жан салмайтын № 1-ші еді. Төрт қыбыласы тіреліп тұрғандай еш алаңсыз болатын. Енді эмоциясы жоғалыпты.
Бәрінен бұрын мәдениеттілікті айтсайшы… Сіз деп сызыла қалады. Сіз деп үлкенге –кішіге де сызылып тұрғандығын көріп ішім жылып сала берген өткенде. Өзі қоңырау шалды:-Бәкебай жағдай былай. Өзіңіз білесіз мен қазір пілдей фирманың бастығының замы болғам. Құдайға шүкір, бар… жетеді төбеден Құдай беріп жатыр, науадай құйылып жатқан дүниені аяймын ба!? Аянып қаларым жоқ. Қолдан келгенде қоңышынан басайын деп отырмын. Облыстық мәслихатқа депутат болсам ба деген үмітім бар,-дейді.
Болыңыз дедім. Қалай айтайын… Болмайсыз деп. Оның үстіне анау-мынау емес… расында да қайынжұрты тіреу боп тұрған жігіттін қазір айы оңынан туып тұр, айбыны асып тұр.
Болыңыз… дедім. Дұрыс айтасың… рахмет, құптайтындығына хұп көретіндігіне шүбәм жоқ. Оллаһи егер айым туып оңынан болса, онда-а сені тойыс Сізді ұмытпаймын,-деп жауап берді.
Содан басталды. Үгіт –насихат… Талдай Балтайовичті алдымен үлкен суретін шығарып көшеге ілдік. Дүкендерге… аялдамаға, бұрышқа, мүйіске, кісі аяғы жүретін жердің барлығына… Ойбай әрбір столбаға ілу керек деді. Ілдік. Қазық сайын Талдайдың сүреті.Талдайдың таңдайы тақ-тұқ. Уәдені беріп жатыр «егер мен депутат бола қалсам төбеден шұға жауады, жібек жауады, бәрі тегін су тегін…». Отыз жылдан бері айтылған уәдені ел ұмытты. Бәлкім кешегі қара құрық сүйреген Талдай-жан депутат бола қалса «ауылымыз жарып қалар» деген зор үміт барлығымызда…
Таңдайы тақылдаған Талдай өтті. Облысқа… Кетті. Енді Талдайды табу қиын болды. Қоңырау шалсақ… Жә, жұмыс көп. Ертең,-дейді. Ертеңіне тағы сол. Қысқасы Талдай да қазір депутат. Ауылды су басты. Баяғы шыр етіп дүниеге келгенде кіндігін кескен Ескеннің есті кемпірі Есбике әжеміз Талдайға звандапты:-Талдай-жан мен ғой Есбике… Талдай-жан ауылды су алып, мына кіндік шешеңіздің қара шаңырағы суға кетті. Ептеп-септеп шал екеуміз отырмыз, білесіз ғой ия…иә… соған көмегін болсын!..-деп құлағының мүкісі бар байғұс кемпір бір сағаттан астам уақыт мұң мен мұқтажын айтып зар қаққан ғой.
-Ертең келем депті. Сөйткен Талдай әлі келе жатыр. Су басқан ауылдың шатырына дейін қарғын су қолтығына қысып ала кетті. Талдай сол кеткеннен мол кетті. Ізі де жоқ, үні де жоқ. Тек «ауылдастары әлі де үмітті». Кетті ғой Талдай жоғарлап. Енді төрт жылдан соң келуі мүмкін…
Бірақ кеше Талдай өзінің жеке парақшасына айрықша мейірімді сөздерін арнап пост салыпты. Мақтап жатқандар да, боқтап жатқандар да бар… Қысқасы Талдай депу-тат қазір.
БУРАБАЙДЫҢ ЖЕҢІСІ