Қостанай облысында су тасқыны салдарынан электр желілерінің 1 414, соның ішінде 52 жоғары вольтты тірегі зақымдалған, деп жазады Ulysmedia.kz.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спановтың айтуынша, барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілген.
“16 шағын елді мекен әлі күнге дейін электр қуатынсыз отыр. Қазіргі уақытта смета әзірленді. Қажетті материал, тіректер дайындалуда. Жақын арада жұмыстар қолға алынады. Зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілуде. 828 өтініш бойынша 187 млн теңге төленді. Өтініштерді қабылдау жұмысы жалғасуда», — деді Ерлан Спанов.
Естеріңізге салсақ, Қостанайда Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су ағызылуы салдарынан жағдай күрт ушығып, тұрғындарды шұғыл түрде қауіпсіз жерлерге көшіру басталған-ды.