• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » ҚЫРБАЙ

ҚЫРБАЙ

15 апреля, 2024 Қоғам

 

БӘРІ Қырбайдың құдалығынан кейін басталды. Қырыққа кеп бас құрап жатқан Қырбайдың қайынжұрты да ат тірейтін жер екен. Қайын атасының әкесі Обкомда зам болған. Әжесі сол маңайда әйтеуір кеңсе қызметінде істеп пенсияға шығыпты. Қайын атасы облыстың кәсіподағын басқарады екен. Қырекеңнің айы оңынан, асығы алшысынан түсті. Құдалық тарқады. Ішті. Жеді. Кетті. Екі кеште Қырекеңнің қайын атасы кеп тағы да бір тоқтының басын мүжіді. Тіс шұқыды. Дәм қайырды. Сонсоң ұзақ ойланып барып, құдасына ана жақтан бастап әңгімесін ортаға салды.

Бір атасы батыр бопты,
Бір атасы Баһадүр би бопты,
Бір атасы бертін ауылнай, болыс, одан кейін коммунист қысқасы жеті атасынан бермен қарай осалы жоқ, бәрі сайдың тасындай екен.

-Иә, қысқасы құдеке жағдай былай, Қырекеңді ақырын сұрастырып көрдім. Бір емес-бес дипломы бар екен. Техникумды аяқтапты, аспаздық, шаштараздық, сваршық, одан кейін агрономдық оқып ғылымның біраз тұсына қолтаңба қалдырған екен. Өзі елмен араласуы қалай?-деді құдасына.

-Е, несі бар біздің Қырекең ел деп егіліп, жұрт деп жұмылып, Сіз деп иіліп, біз деп бүгіліп тұратын тәрбиені тал бесіктен алған азамат қой,-деді Қырбайдың әкесі.
-Бопты… Болар баланы аяғын бума құда. Ертең-ақ, амандық болса дүрдей қызметкер, дүрегей әкім боп шыға келеді. Қалаға жіберіңіз,-деді құдасы аллаһу акпарын айтып жатып.

Қырбай облысқа үлкен бір лауазымды қызметке тұрыпты,-деді ел.
-Қой ей, ол қазақ тілін білмейді ғой,-деді талдысайлықтар.
-Сенің қазақ тілін кімге керек? Әкимәттағылардың бәрі тек орысша сөйлейді. Қазақшаңыз тек қағаз жүзінде… Ал қызмет тілі-орыс тілі. Орыстың тілін білсеңіз ғана қызметіңіз өседі. Жоғарлайды. Қырбайдың көресің енді дүрдей мықты министір боп шыға келеді,-деп талдысайлықтар қырық бір тасты оңды-солды шашып болжам жасады.
*
Кім айтса да айтқандары айдай болды.
Қырбайдың қызметі өсті.
Облыстан ауданға келді.
Қайтадан облысқа кетті.
Ауданға қайта келді,
Қайта облысқа кетті.
Қысқасы футболдың добы құсап оңды-солды жүрді де қойды.
Әзір қолайлы қызмет болмай жатыр дейді қайынатасы құдасына.
Біздің «бала кез-келген істі ұршықша үйіретін өзім сияқты ғой» сосын барып қызметі өспей жүр дейді әкесі.

Қырбай ауданнан ауылға келді. Сірә, аудан да, облыс та жақтырмаса керек. Ақыры ауылға әкім болды. Одан кейін мектепке екі жыл дипломы сәйкес келмесе де директор болды. мектепке аяқ астынан тексеріс келіпті. Үйіне мейман қылып шақырыпты. Безерген безеубет тексеруші келіншек бас шайқапты. Мынау «қолақтығыңыз» деп конверт ұсынған екен аулақ! депті. Баяғы обкомда кеңсе қызметкері болған «өлмелі кемпір» талдысай ауылының мектебінің қойма меңгерушісі. Өзінің әкесі мектепте күзетші. Барлығы пенсиядағылар қызмет қыла беріпті, ай сайын ақшасын ала беріпті. Бәрі заңды тек зейнеткерлер. Ауылда жұмыс істейтін адам жоқ деп қысқа қайырыпты Қырбай, тексерушінің сұрағына.

Ақыры Қырбай бұ жерден кетті «келесі сайлауда күйеу баланы депутат қылам, әзір-ге менің малымды бағып отыра тұрсын…»,-деп қайынатасы Қырбайдың әкесіне сәлем айтыпты.

Келесі сайлауға дейін Қырбай қыр астында қайын атасының төрт жүз қой-ешкісін, үш жүз жылқысын бағып ысқырып жүр. Депутат болсам, алдымен «малшының жағдайын жасаймын» деп. Қырекеңнің арманы зор…

Бурабайдың Жеңісі

Оқылып жатыр

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан…

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025

Зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды

12 декабря, 2025

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

12 декабря, 2025

Алматыда аналарды сәбиін сатуға итермелеген қылмыстық топ қолға түсті

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.