• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты

16 апреля, 2024 Экономика

 

 

БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 01 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері 

 

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты. Олардың 2024 жылдың бірінші айындағы өсімі шамамен 240,5 млрд теңге (1,3%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3,3 трлн теңгеге (21,9%) өсті.

 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан және 17,5 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім — 21,7%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 578,2 млрд теңге (бір жылдағы өсім – 26,9%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 5,5 млрд теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 50,1%).

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш — жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (бұдан әрі – ЖМЗЖ) толықтырылды.  ЖМЗЖ шамасы әрбір қызметкердің ай сайынғы табысынан есептеледі: 2024 жылғы 1 қаңтарда 1,5% мөлшерден басталып, 2028 жылы 5% жеткенше жыл сайын ұлғайтылып отырады. ЖМЗЖ төлемдерін зейнетке 2038 жылы шығатын қызметкерлер ала бастайды. Бұл шара болашақта алатын зейнетақысының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын 1975 жылдан кейін туған қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. 2024 жылдың бірінші айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 1,1 млрд теңгеден асты.

 

2024 жылдың бірінші айында зейнетақы жарналарының сомасы 187,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20% немесе 31,7 млрд теңгеге жоғары. Зейнетақы жарналарының жалпы көлемінде 93,7% (175,9 млрд теңгеден астам сома, бір жылдағы өсім – 20%) БЖЗҚ-ға МЗЖ есебінен түсетін түсімдер құрайды. МКЗЖ есебінен 10,3 млрд теңгеден астам (бір жылдағы өсім – 15%) қаражат түсті. ЕЗЖ көлемі 291 млн теңге (бір жылдағы өсім – 75%), ЖМЗЖ — 1,1 млрд теңгеден асты.

 

БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына жыл басынан бері есептелген таза инвестициялық кіріс ­- 109,6 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 45,7 млрд теңгеге немесе 72% артық.

 

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 млн бірлік болды. Оның ішінде МЗЖ бойынша — шамамен 11,1 млн, МКЗЖ бойынша — шамамен 646 мың, ЕЗЖ бойынша — 403,3 мың бірлік. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарының саны 269 мыңнан астам бірлікті құрады. Бұл шоттарда БЖЗҚ-ға аударылған ЖМЗЖ туралы мәліметтер мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер ескеріледі.

 

2024 жылдың бірінші айында БЖЗҚ 63,4 млрд теңгеден астам соманы төледі. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 15,5 млрд теңге, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖЗҚ) — 28,6 млрд теңгеден астам, сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 10,8 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 4,4 млрд теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер — 2,8 млрд теңге, жерлеуге төленетін төлемдер – 966,9 млн теңге және мүгедектігі бойынша төлемдер – 280,4 млн теңге.

БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша орташа айлық төлемнің мөлшері – 34 162 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 945 752 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде кесте бойынша орташа айлық төлем 30 040 теңге, ал ең жоғары төлем 742 692 теңге болған еді.

 

Зейнетақы активтері бойынша, оның ішінде республика өңірлері бөлінісінде статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Оқылып жатыр

Қазақмыс жаңа акционердің қолына көшеді

Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Үкімет ЖЖМ нарығын бақылауды күшейтті

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан…

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025

Зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды

12 декабря, 2025

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

12 декабря, 2025

Алматыда аналарды сәбиін сатуға итермелеген қылмыстық топ қолға түсті

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.