Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы офицерлерінің бір бөлігін Сириядан шығарады. Бұған Израильдің шабуыл жоспары түрткі болған. Бұл туралы Сирия мен Иран шенеуніктеріне сүйенген The Wall Street Journal жазды.
Сирия қауіпсіздік қызметі өкілдерінің айтуынша, Сирияда АҚШ, Еуропа одағы мен бірқатар ел террор ұйым санатына қосқан Ливандағы ираншыл «Хезболла» тобының жоғары лауазымды адамдары да азайған.
Сирияда орта шенді офицерлер қалады, бірақ олар орындарын ауыстырады. The Wall Street Journal жазуынша, Иран әскері Израиль соққысы болатын кезде көшуі мүмкін.
Газеттің ақпаратынша, Израильдің қарымта шабуылы шектеулі болмақ. Бұған дейін Израиль билігі араб елдеріндегі одақтастарына Израиль қорғаныс күштерінің әрекеті олардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейді деп сендірген.
The Jerusalem Post хабарлауынша, Израиль Иранға қашан соққы беретінін әлі нақты шешпеген.
14 сәуірге қараған түні Иран Израильге дрон және қанатты зымырандармен жаппай соққы жасаған. .