Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен судың деңгейі төмендегідей өзгерді:
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 555 см., деңгей +8 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 332 см құрады.
Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 679 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 362 см құрайды.
Жайық өзені – Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 396 см., тәулігіне 0 см. өзгеріссіз, су тасқыны басталғаннан бастап жалпы су көтерілуі 205 см. құрайды, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.