Павлодарға «Қазақтың Қанышы» атты жылжымалы көрме келді.
Көрмеге ұсынылған құнды жәдігерлердің бірі – 1947 жылы Англияға барған іс-сапарында, саясаткер Уинстон Черчилльмен кездескен кезде киген кашемир пальтосы, шляпасы, аяқ киімі.
Сондай-ақ көрмеде геологтың костюмі, мұражайға академиктің қызы сыйға тартқан домбырасы, көзілдірігі, қаламы, шақшасы, жер астына түскен кезде басына киген каскасы, қолына ұстаған балғасы, бала күнінде тақымы тиген ертоқымы мен қамшысы сияқты 30 жәдігер назарға ұсынылған.