Бұл туралы үкіметте өткен өрт қаупі кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды.
Экология министрлігі 158 мемлекеттік орман иеленушіні тексерген. Нәтижесінде «Семей орманы» резерваты, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары өрт қаупі жоғары кезеңге толық дайын емес екені анықталды, — делінді кеңесте.
Еске салайық, былтыр «Семей Орманы» резерватын 100 мың гектарға дейін өрт шарпыған еді. Өрт салдарынан 15 адам қаза тапты.
Жыл сайын Қазақстанда мыңнан астам орман және дала өрті, 4 мыңнан аса табиғи өрт тіркеледі.