Аймағамбетовтың айтуынша, мектеп, аурухана, балабақша, колледж сияқты бюджеттік мекеме директорларына жүз мыңдаған айыппұл салу проблемасы ушығып барады.
«Кейін сол 500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті ғой», — деп жазды депутат.
Осы орайда негізсіз айыппұл салуды тоқтату қажет екенін алға тартты.
Сондай-ақ дәрігерден қажетсіз есеп талап еткен үшін жауаптылыққа тарту құзыретін полициядан алып, денсаулық сақтау министрлігіне беруді ұсынды.