• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Үкімет азулы экс-әкім Асқар Мырзахметовтың мұрасынан бас тартты

Үкімет азулы экс-әкім Асқар Мырзахметовтың мұрасынан бас тартты

24 апреля, 2024 Жаңалықтар

Осы күнге дейін жобаға 4,8 миллиард теңге шығындалыпты.

Бұрынғы биліктің туристік «мега-жобасына» иелік етуге бірде бір инвестор қызықпады.

«Қар-Алма» – Жамбыл облысындағы тұңғыш тау-шаңғы кешені және Шымбұлаққа балама-бәсеке болатыны біраз жыл жыр етілді. Жамбыл облысының әкімдігі бертінге, 2023 жылға дейін «Қар-Алманы» жергілікті қысқы туризмнің ірі жобасы ретінде дәріптеп келді.

«Шаңғы мен коньки тебу сияқты қысқы спорт түрлері Жамбыл өңірінде ешқашан танымал болған емес. Өйткені өңірде қыс жылы, көбіне қар жабынғысы да болмайды. Алайда дәл Жуалы ауданы «жамбылдық Сібір» деп аталады: соның аумағында қыс қытымыр, қар да қалың түседі. Бұрынғы жылдары өңірде жуалылық оқушылар қыста шаңғы тебетін. Енді табиғаты тұмса, жері көркем бұл өңірде «Қар-Алма» ірі тау-шаңғы кешенінің құрылысы аяқталуға таяды», — деп жазды 2023 жылғы 6 ақпанда Kazinform мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Бүгінде «Қар-Алма» жобасы ғана емес, оның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары да тұйыққа тіреліп, мәңгілік мұздықтардай өткен кезеңде «қатып» қалған. Ондағы: «Ну, жігіттер, қашан енді лыжа тебеміз?», «Құрылысы сол бойы тоқтап тұра бере ме?», «Қашан қосады екен?» сияқты халықтың сауалдары жауапсыз дағдарып тұр.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Қар-Алма» ірі тау-шаңғы кешенінің құрылысының басталғанына алты жылдай уақыт өтіпті. Бастапқыда оның құрылысының доғарылуына араға коронавирус пандемиясының килігуі сылтау-себеп етілді.

Кейін қажетті материалдардың жеткізілімінде үзілістер болып жатқаны алға тартылды.

Енді міне, Үкіметтің оны мемлекет қарауына алып, құрылысын аяқтаудан бас тартқаны белгілі болды. Бұдан бұрын, биылғы наурыз айының соңында жамбылдық жобаны Үкіметке Мәжіліс депутаттары тықпалап көрген болатын.

«Біздің мәліметтіміз бойынша «Қар-Алма» жобасы 2018 жылы сол кездегі облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың ұсынысымен басталған. Жамбыл облысының жұртшылығы бұл ұсынысты қуана мақұлдады. Бұл жобаның инвесторы – «ТаразСтрой-2004″ ЖШС. Сол уақыттағы сметалық құны – 6,3 миллиард теңге болатын. Кешен құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталды. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 1 тоқсанында жоба иесінің жеке қаражатының тапшылығына байланысты тоқтады. Бүгінгі күні уақыттың созылуына байланысты жобаның құны қайта есептеліп, 7,9 миллиард теңгеге дейін қымбаттады», — деді тараздық мәжілісмен Ерболат Саурықов.

Осы күнге дейін жобаға 4,8 миллиард теңге шығындалыпты. Депутаттардың айтуынша, кешеннің құрылысын толық аяқтау үшін тағы 3,1 миллиард теңге қажет көрінеді.

Бұл жобаға ел бюджетінен қанша қаражат шығындалғаны нақты белгісіз. Бюджет есебінен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік трассасынан тау етегіне дейін 7 шақырым асфальтталған автожол төселген. Жоба қажетті инфрақұрылыммен, газбен, электр жүйесімен қамтамасыз етілген.

Тау шаңғысы кешеніндегі арқан жолының құрылысы, ішкі алаңдарды абаттандыру жұмыстары, кірме жол, ресторан, сервис орталығы, техникалық бокс және өзге нысандар шамамен 80-85% аяқталыпты, сол күйде қаңырап бос жатыр.

Депутаттың дерегінше, мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы арқылы 542 миллион теңгеден астам қаражатқа ауыз су мен кәріз жүйесі тартылған. Сол сияқты саяхаттаушылар, демалушылар және шаңғы тебушілер үшін жекелеген инвесторлар тарапынан 20 коттедждің құрылысы басталып еді. Олар да 70-80% аяқталған күйде тасталды.

Мәжілісмен бұған жергілікті билік кінәлі болуы мүмкін деп тұспалдайды.

«Жоба басталғаннан бері Жамбыл облысында бүгінгі күні төртінші әкім ауысты. Осыдан кейін баршамызда мынадай сауал туындайды. Жеке инвестордың қаражатымен халық игілігі үшін басталған осындай іргелі жобалар неге аяқталмай қалады? Кім кінәлі? Жүйе ме, әлде бір әкімнің ұсынысын келесі әкімнің жалғастырғысы келмейтіндігі ме? Жанымызда тау шаңғысы кешені тұрғанда, неге адамдар сабылып 500 шақырым жердегі саяхат орнына баруға тиіс? Қарапайым халықтың қалтасы бағасы шарықтаған Шымбұлақ пен Ақбұлақты қалай көтереді? Жергілікті басшылар немесе Туризм және спорт министрі неге осыны ойламайды?», — деді Ерболат Саурықов бастаған бір топ Парламент депутаты Үкіметке хатында.

Осы орайда мәжілісмендер Үкімет басшысынан «Қар-Алма» туристік тау-шаңғы кешенінің жұмысын жандандыру үшін жобаның аяқталуына ықпал етуді, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевке тез арада мәселені шешу жолдарын қарастыруға тапсырма беруді сұрады.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары басталуын басталған, аяқталмай тасталған удай қымбат жобаны «инвестордан мемлекеттің сатып алуы» идеясын ілгерілетуде.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қанша жерден ірі болса да, жекенің дәл осы жобасын ел қаржысына сатып алу дегеннің болмайтынын кесіп айтты. Мұны ол Парламентке жолдаған ресми жауабын жеткізді.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, бұл жобаға мемлекет онсыз да барынша көмек көрсетті.

«Жамбыл облысындағы «Қар-Алма» туристік тау-шаңғысы кешенінің жобасы кезінде «Бизнестің жол картасы-2025″ бағдарламасы аясында қолдау тапты. Мемлекет тарапынан сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің құрылысы жүргізіліп, инвесторға тиісті қолдау көрсетілді. Кешеннің құрылысын аяқтау үшін әкімдік те, салалық министрлік те жаңа инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізді. Алайда бүгінгі күні әлеуетті инвесторлар жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытқан жоқ», — деді Роман Скляр.

Ол аталған алып тау-шаңғы кешенін бюджет қаржысына сатып алу «орынсыз» деп танылғанын мәлім етті.

«Мәжіліс депутаттары жобаны инвестордан мемлекетке сатып алуды ұсынды. Жоба қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, жекеменшік әріптeстік объектісі болып табылатындықтан, мемлекеттің инвестордан «Қар-Алма» кешенін сатып алуы орынсыз. Осыған байланысты, мүдделі мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қосымша жеке қаражаттар тарту бағытында жұмыстарды жалғастырады. Жалпы, аталған жоба әкімдік пен министрліктің тұрақты бақылауында», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бірақ оның айтуынша, мемлекеттің қаражатын емес, тек инвесторлардың қаржысын тарту жұмыстары жүргізіледі. Егер бизнес қызықса.

Жыл он екі ай жұмыс істейтін, бір мезгілде төрт мыңдай адамды қабылдай алатын ірі курорт болады деп насихатталған «Қар-Алма» тау-шаңғы кешеніне бұрынғы билік ең «майшелпек» орынды бөлген еді: ол Ақсу-Жабағылы қорығының шекарасында, Батыс Тянь-Шаньнің Талас жоталарының солтүстік бөктерінде, облыс орталығы Тараздан небары 70 шақырым жерде орналасқан.

Оған арнап, тау шыңынан төмен қарай 2,5 шақырымдық ұзындықтағы тау-шаңғы трассасы да салынып қойылған. «Қар-Алманың» арқан жолы мен тау-шаңғы трассаларының жалпы жиынтықтағы ұзындығы 30 шақырымға дейін жететіні хабарланған.

Оның бәрі жайына қалған жайы бар. «Қар-Алма» – Назарбаев билігінің қаңырап қалған бір ескерткішіне айналғанға ұқсайды.

Оқылып жатыр

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Павлодар соты Ұлттық ұлан қызметкерлеріне қол көтерген спортшыны кінәлі деп…

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.