Балқаш көлі деңгейінен бірнеше есе көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлім етті.
«Жыл басынан бері Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілді. Егер 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, қазір бұл көрсеткіш 174 см-ге жетті. Биыл трансшекаралық Іле өзенінен ірі көлемде су келді. Сол арқылы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2 текше шақырымнан астам су жіберуге мүмкіндік туды»,- деді Мөлдір Әбдуалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі өңірлердегі тасқын судың қалай игеріліп жатқаны туралы мәлімдеген еді.