• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ресей Эквадорды жарықсыз қалдырды

Ресей Эквадорды жарықсыз қалдырды

29 апреля, 2024 Әлем

Кито проблеманы шешу үшін Мәскеуге тек бір апта уақыт берді.

Эквадорда былтыр басталған энергетикалық күйзеліс күрт күшейді. Бұл түйткілді жаңадан салынып жатқан елдегі ең ірі гидроэлектр станциясы жылдам шешуге тиіс еді.

Шешпей, проблеманың күрт ушығуына ықпал етті. Станция құрылысы былтыр бітіп, стратегиялық нысан биылдан іске қосылуға тиіс болатын.

Бірақ Эквадорды «қырсық» шалды: ол ірі ГЭС құрылысын Ресейге табыстаған болатын. Ресей болса, ғаламат санкциялардың астында қалды. Содан ресейліктер әрнені сылтауратып, станцияны қолданысқа беру үшін қажетті жабдықтарды сол бойы жеткізбеді. Оның созбалаңға салғанына он жылдан астам уақыт өтті. Шет-шегі көрінер емес.

«Тоачи Пилатон – Эквадор Республикасы үкіметінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Эквадордағы гидроэнергетикалық жоба. Ол қос гидроэлектр станциясынан – жалпы қуаты 50,4 МВттық «Сарапуйо» және жалпы қуаты 204 МВт болатын «Айюрикин» станцияларынан тұрады. Жүзеге асыру мерзімі 2010–202… (құжатында солай жазылған). «Тоачи Пилатон» ГЭС-інің каскады Эквадордың бірден үш провинциясын — Пичинча, Санто-Доминго, Мехиа аумағын қамтып жатыр және Пилатон мен Тоачи алып өзендерінің бассейнін пайдаланады», – делінген ресейлік «Тяжмаш» кәсіпорнының ресми сайтында.

Жоба бірден 8 объектіден құралған: оған – үлкен ГЭС пен «Сарапуйо» станциясы, «Пилатон» су қоймасы, «Тоачи» бөген-плотинасы, үлкен ГЭС пен «Айюрикин» станциясы, «Тоачи» мини-ГЭС-і және «Ла Пальма» басқару орталығы жатады.

Жалпы, бұл Эквадор үшін ірі болғанымен, өзге елдер үшін ұсақтау саналады. Осы 8 нысанның бәрі жабылып, жалпы жиынтығы 254,53 МВт қуат өндіреді. Салыстырсақ, Қазақстандағы бір ғана Шүлбі ГЭС-і бұдан 2,7 есе көп – 702 МВт, ал Бұқтырма ГЭС-і – 675 МВт қуат береді.

Жоба бойынша аталған энергияның 204 МВт-ын «Айюрикин» ГЭС-і, 48,9 МВт-ын «Сарапуйо» ГЭС-і, қалған 1,63 МВт-ты «Тоачи» мини-ГЭС-і өндіруге тиіс еді.

Осы 254 мегаваттан сәл астам қуат өндіретін станцияның өзін Ресейдің салып бере алмай жатқанына 14 жылдан астам уақыт өтті.

Бұл нысан Эквадорды энергетикалық тығырықтан шығаруға тиіс еді. Ірі жобасын РФ-қа сеніп тапсырғанына қатты өкінген бұл мемлекеттің билігі енді ГЭС құрылысын тездетуге тырысуда.

Бұл ретте Эквадордың Энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі Роберто Луке ресейлік мердігерге «Тоачи Пилатон» ГЭС-інің құрылысы барысында туындаған барлық проблемаларын шешуге 7 күн мерзім кесті. Бұл ашуланғанның белгісі. «Суға кеткен тал қармайдының» кебі. Өйткені жылдар бойы шешілмеген мәселе бір аптада жойылмасы даусыз.

Эквадор билігі мәлімдегендей, ресейлік «Тяжмаш» өндірістік бірлестігі барлық қажетті жұмыстарды, жаңартылған кесте бойынша 2023 жылдың қыркүйегінде аяқтауға міндетті болатын.

Алайда ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Тяжмаш» ӨБ эквадорлық серіктестеріне жабдықтарын орнатуға мүмкіндігінің жоғын ашық хабарлаған. Сондай-ақ ГЭС құрылысының бітпеуіне РФ жағы жергілікті эквадорлық мамандардың өзін кінәлады: мердігер өзін ақтау үшін солардың құрылыс жұмыстарынан үнемі кінәрат тауып, «жабдықты жеткізу» уақытын кері ысыра береді.

Дәл осы кезде «Тяжмаштың» Эквадор Үкіметімен контрактісінің мерзімі де бітті. Сондықтан ресейлік кәсіпорын келісімді жаңа шарттармен ұзартуды талап етіп отыр. Мұны да жабдығын жеткізуді кешіктіруге сылтау етпек. Осылайша, Китодағы (Эквадордың әкімшілік орталығы) шенеуніктердің шашын ағартып, жындантуға шақ қалды.

Оңтүстік Америкадағы осы елдің мега-жобасы – «Тоачи Пилатон» ГЭС-ін салу 2010 жылы басталды. Екі ел арасындағы келісім бойынша бұл жобаға батыстық, басқа компаниялар жіберілмеді. Ресейлік «Тяжмаш» ГЭС-тің бүкіл 8 объектісіндегі барлық жабдықтарды өзі жеткізеді, өзі құрып, монтаждайды, өзі бабына келтіріп, іске қосады.

Сондай-ақ ары қарай объектінің эксплуатациялануын да өзі сүйемелдейді. Осы мақсатта «Тяжмаштың» Эквадордағы филиалы құрылды, оған салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар берілді.

Эквадор билігі өзі «басымдықты» деп жариялаған осы жобаға қатты сеніп, қапы қалды, әне-міне ел игілігіне тапсырылады деп жүріп, өзге баламалы жобаларды дамытпады.

Кейінгі жылдары Эквадорда бұрын-соңды болмаған зұлмат қуаңшылық басталды. Қаншама өзен құрғап қалып, салдарынан ескі ГЭС-тердің көбі жаппай тоқтады. Ел электр қуатына жарымай қалды.

Бұрындары мұндай жағдайда Эквадор Колумбиядан қуат тасымалдайтын, алайда былтырдан бері ол көршісі электр энергиясын жеткізуді доғарды. Өйткені оның өзінде генерация, өндіріс бойынша проблемалар туындап, ушығуда.

Содан былтыр сайланған елдің 36 жасар Президенті Даниэль Нобоа 2024 жылғы 16 сәуірден бастап, бүкіл Эквадор аумағында Төтенше жағдай режимін енгізді. Бұл кезеңде кедейлікке қоса енді қуаттан тарыққан халықтың наразылық білдіріп, көшеге шығуына тыйым салынды.

Халықаралық ақпарат құралдары Эквадордың және Колумбияның «үрейлі қараңғылық құшағына еніп бара жатқанын» сипаттауда. Өйткені құрғақшылықтан қабырғасы қайысқан Колумбияда да ГЭС-тер тоқтауда. Бұл ел суды тұтынудың қатаң нормаларын енгізіп, бір қолға берілетін су көлемін шектеді.

Бірақ Эквадорда Пилатон мен Тоачи өзендерінде су электр генерациялауға жеткілікті. Reuters  жазуынша, оларды ауыздықтап, арынын электр энергиясына айналдыруға тиіс болған «Тяжмаш» үмітті ақтамай, елді де, экономиканы да жарға шықты.

Содан Кито амалсыз, елдің басты қалаларының өзінде электр тұтынысын қатты шектеуде: белгілі бір сағаттарға ғана беріледі. Бұл онсыз да кедей мемлекеттің экономикасын күйзеліс құрдымына итермелейді. Зауыт-кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатты. Жаңа жұмыс орындарын құру орнына, бизнес қолындағы жұмыскерлерін босатуға мәжбүр. Бұдан бұқараның әл-ауқаты тіптен құлдырай түскен.

Республикада электр энергиясының 75%-ын су электр станциялары өндіреді. Біраз су қоймалары таязданып қалғандықтан, қалған ГЭС-тердің генерациялаған электрі жетпей жатыр. Содан билік барлық елді мекенді, соның ішінде Кито, Куэнку және Гуаякилді тоқтан ажыратудың кестелерін жариялады.

Айтқандай, көрші Колумбия да энергетика саласында су электр станцияларына қатты тәуелді: электрдің 70%-ын солардан алады.

Экологтар Эквадор мен Колумбиядағы апат – тікелей жаһандық «климаттық кризистің» салдары екенін жария етті. Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі судың жылынуы нәтижесінде бұл екі елге жетіп, жаңбыр болып жауатын жауын бұлттардың түзілуі азайған.

Соның кесірінен Эквадор мен Колумбияның негізгі тұрғындары шоғырлана тұратын Анд алқабында ғаламат құрғақшылық белең алуда. Бұлай бара берсе, өсімдік қалың өсіп, жайқалған алқаптар болашақта шөлге айналуы да ғажап емес.

Сонымен бір мезгілде дәл осы құбылыс – Тынық мұхит суының ысуы Оңтүстік Американың батыс жағалауындағы елдерді топан судың басуына соқтырды.

Бұдан Қазақстан да сабақ алғаны жөн. Мысалы, бір топ Сенат пен Мәжіліс депутаты, сондай-ақ «Айқын тариф» қауымдастығының төралқа төрағасы Петр Своик, «Қазақстан инженер-энергетиктері одағының» бас директоры Марат Дұлқайыров, Энергетика министрінің экс-кеңесшісі Олжас Байділдинов және басқа қоғам белсенділері Үкіметке қайта-қайта ұсыныспен шығып, қазақстандық тұңғыш атом электр станциясының жобасын Ресейге – «Росатомға» беру идеясын белсенді ілгерілетуде.

Қазақстан да өзінің «мега-жобасын» санкция астындағы елге табыстап, опық жемесе жөн.

Оқылып жатыр

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

Украина АҚШ-қа бейбіт жоспар жобасына берген жауабын жолдады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің құрамына кіретін Жөкей көлінде заңсыз балық…

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025

Зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды

12 декабря, 2025

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.