• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қайтыс болған адамға «иманды болсын» немесе «марқұм» деп айту дұрыс па?

Қайтыс болған адамға «иманды болсын» немесе «марқұм» деп айту дұрыс па?

30 апреля, 2024 Қоғам

Желіде қазаға байланысты көңiл айтқанда «иманды болсын деп айту — дұрыс емес» деген пікірлер кездеседі. Қайтыс болған адамға «марқұм» деп айту және жақыны өмірден өткен адамға көңіл айтқанда «иманды болсын» деу дұрыс па? Бұл сөздердің мағынасы қандай? Қазақтар ертеде көңіл айтқанда қандай сөздер айтқан? Бұл сұрақтарға ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы және этнограф Болат Бопайұлы жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы қазаға байланысты көңiл айтқанда «иманды болсын» деп бекер айтылмайтынын түсіндіріп берді.

«Адам баласы мына өмірде әрбір жасаған ісі үшін жауап береді. Егер ол Алланы риза ететін іс жасаса, еселеген сауаптарға бөленеді. Ал егер Алланың ашуын тудыратын күнәлі істерге барса, онда оның тиісті жазасын алады. Сондықтан да адам о дүниеге барғанда оны құтқаратын нәрсе — тек иманы. Өйткені оның туысы да, жинаған байлығы да, билігі де, осы өмірде алған атақ-абыройы да, оның жасы да ешқандай көмектеспейді. Тек оған араша түсетін нәрсе — оның иманы. Егер адам осы өмірде иманын кірлетпей, оны сақтап, имандылығын арттырып, оны жоғары дәрежеде ұстайтын болса, оны құтқаратын осы иманы. Сондықтан қазақ «иманды болсын» деп бекер айтпайды. Немесе «иманы саламат болсын», яғни «иманы сау болсын» дейді. Сондай-ақ «иманы өзіне серік болсын» деп те айтады. Мұның барлығы түбінде дұға бағытында, дұға-тілек ретінде айтылған. Біреу қайтыс болды десе, «иманды болсын, иманы өзіне серік болсын» дейміз. Бұл қайтыс болған адамға иманы ғана көмектеседі деген мағынада айтылған. Бұл «иманы көмекке келсін, жәрдемші болсын» деген дұға-тілек. Қазақта сондай-ақ «жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын» деген жақсы сөз бар, бұл да мағынасы өте терең және жақсы ниетпен айтылған сөз», — дейді маман.

Елбек Тасболатұлы «марқұм» сөзі қандай мағына білдіретінін айтты.

«Марқұм» деген сөз де — дұрыс сөз. «Марқұм» деген сөз «Алланың рақымына бөленсін», «Алланың мейіріміне бөленсін», «Алланың жақсылығына кенелсін» деген мағынада айтылады. «Марқұм» деген сөзді де дұрыс мағынада айтылған дұға-тілек деп қабылдау керек», — деді ол.

Жақын адамын жоғалтқан адамға қолдау өте қажет. Этнограф Болат Бопайұлы қазақтар ертеден көңіл айтудың өзіндік әдебі мен тәртібін сақтағанын айтты.

«Қазақ халқының баяғы заманнан қалыптасқан қазаға көңіл айту дәстүрінің де өзіндік әдебі, тәртібі, шектемесі, мазмұны, мәдениеті болған. Қара жамылып адамынан айырылып отырған басы қаралы, жүрегі жаралы болып, қабырғасы сөгіліп, көзі жасыты болып отырған отбасындағы үлкенді-кішілі адамдарының көңілін аулап, жақсы сөз айту, көңіл айту оңай емес. Сондықтан айтылатын сөз мағыналы, әдепті, қысқа, нақты, ұғымды, мәні терең және көңілге қонымды сөз болуы керек. Қайғырған адамды жұбата да уата да алатын сөздерді таңдап айту ежелден қалыптасқан үрдіс.

Мұнда бақиға қайтқан адамның жасына, жынысына және отбасындағы орны мен қоғамдағы беделіне де қарай айтылатын тұстары бар. Егер отағасы болса «Бәйтерек жығылған екен. Қара тау құлаған екен. Оңай емес. Алла алдынан жарылқасын, жатқан жері жаннат, жамылған топырағы торқа болсын, жаны бейіште шалқысын. Жасамаған жасын артында қалған ұрпағына берсін. Сабырлы болыңыздар» деген сөздерді қолданады. Егер отанасы болса «Үй шырағы сөнген екен. Жақсы ана еді. Алла иманын жолдас етсін. Алдынан жарылқасын, жаны жанатта болсын. Сабыр етіңіздер» деген тәрізді сөздер қолданады.

Кейде «Өтпейтін өмір, сынбайтын темір жоқ, қияғы бүтін Сұңқар, тұяғы бүтін Тұлпар жоқ. Ешкім мәңгілік емес, ол адам ешқайда кеткен жоқ, бәріміз баратын жерге кетті. Жыламаңыздар. Жылау-жылауға қосады. Алла алдынан жарылқасын, қазаға сабыр берсін, алды иманды, арты қайырлы болсын. Артындағы ұрпақтары аман болып, арты тойға ұлассын» деген сөздермен жұбатып көңіл айтады.

Кейде «Алланың бергеніне де алғанына да разы болыңыздар. Қамшы сабындай, сиыр жасындай қысқа ғұмыр. Түгел жүрмейді, түгелісіп қалмайды. Ат тұяғын тай басар. Ұлы бардың өзі бар, қызы бардың ізі бар. Артындағы ұрпақтары аман болсын. Артқы ұрпақтың тілеуін тілеңдер. Кеткен келмейді. Тірі пенде тіршілігін көреді. Берік бекем болыңыздар. Тәуекел түбі — жел қайық, мінесің де өтесің. Уайым түбі — теңіз, батасың да кетесің. Тәуекел етіңіздер. Жылау қайтқан адамды қайта қайтара алмайды» деген тәрізді жақсы ой салатын сөздермен көңіл айтып жүдеп-жадап, жылап-сықтап отырған адамдардың қайғысына ортақ болып, жақсы сөзбен жандарын серпілтеді. Міне осындай сөздерді көңіл айту сөздері дейді», — деді Болат Бопайұлы.

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.