• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Маралдыдан марал да қашты….

Маралдыдан марал да қашты….

10 мая, 2024 Басты тақырып

 

 

Кезінде төскейде малын бағып, төрінде етін жеп отырған берекелі де мерекелі   Маралды ауылының тынышы кеткелі екі жыл болды. Қазақтың жері қазынаға толы екендігі мәлім. Менделеев таблицасының барлық элементтерін құдайдың өзі бере салған ұлан байтақ даламызға кімдер көз алартпады? Бірақ олар жаугершілікпен алмақшы болды. Алайда, ата бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, қазіргі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Тіпті әйгілі Қаныш Сәтбаевтың өзі тауып жатқан жерасты минералдарының біразын айтпай, «болашақ ұрпаққа керек болар» деген үмітпен қалдырған деседі. Сонымен Маралды ауылының саф алтынның үстінде отырғанын біліп алған бизнесмендер мен билік өкілдері ауылдың жанынан алтын өндіретін зауыт салу жөнінде «жасырын» уағдаласты. Нәтижесінде әрқайсысы өздерінің әлемдік «Forbes» журналында күлімдеп тұрған «Қазақстанның бай алпыс азаматының» қатарында тұрған суреттерін елестеткен шығар.

Алдымен ауыр техникамен алыстан жұмысшыларды әкеліп зауыт орнату жұмыстарын бастады. Алайда, ауылда тұратын 400 -ден астам тұрғындармен ақылдасып, қоғамдық талқылау ұйымдастыру қажет екенін қаперіне де алмады. «Ашық НҚА» сайтына жариялап тастадық. Билік органдарының уәжі «Заң бойынша 30 күн қаралады. Ескертулер болмаса қоғамдық талқылау өтті деп есептейміз» деді. Еліміздегі «ең байлық» пен «жер байлықты» қалталауды армандағандар үшін өте қолайлы сайтты ауылдағы халық қайдан білсін. «Ашық НҚА»-дағы қоғамдық талқылауға қалай қатыссын?

Сонымен құжаттарын толық реттеместен, халықпен ақылдаспастан басталған алтын өндіретін зауыт құрылысы салынғалы ауылдан береке де, мереке де кетті. Алдағы уақытта зауыт құрылысы тоқтатамаса, жұмыссыздық жайлаған ауыл тұрғындарының өздері-ақ көшіп кетерін  әккілер білген сияқты. Естуімізше, 400 астам түтіннен 260-қа жуық ғана отбасы қалған деседі. Енді бір екі жылда Маралды да марал түгілі адам қалмасы анық. Жақсы, зауыт салынсын делік. Бірақ басты проблема Маралды ауылының экологиялық ахуалы болып отыр. Білуімізше, қызыл кітапқа енген жеті түрлі өсімдіктің тапталып қалғаны былай тұрсын, аса қауіпті ционид атты  химиялық элементтің жерастын жарып шығып, зауыттың іргетасынан ағып жатқан сумен араласып, ауылға барса не болады? Қаншама мал, жан, адамға қауіп төнерін зерттеді ме? Маралдықтардың айтуынша, «жерастынан шығып жатқан қауіпті химиялық элементтің бар екені туралы ауыл тұрғындары өз қаражаттарына  ғылыми-сараптамалық қорытынды жасатып, су және ирригация, экология және табиғи ресурстарды қорғау министрліктеріне апарған. Алайда, ондағы лауазымды тұлғалар көзжұмбайлыққа салынып, иығын қиқаң еткізуден аса алмай отыр» деп ашынады. Екі жыл бойы түйіні шешілмей келе жатқан мәселенің  ауыл тұрғындары мен зауыт салушылар арасында өзара келісімге келуіне мүдделі бір орган болмай тұрған сияқты. Тіпті 8 мамыр күні зауыт құрылысының алдына барған халыққа ішкі істер органдарымен қарулы әскерді алдын-ала сайлап алып шығудың өзі бассыздық емес пе? Ауылдың қарттарымен, кемпірлеріне қару кезеніп не көрінді? Бұл одан сайын істі ушықтырып жібермей ме? Екінші тарапты тыңдасақ, зауыт басшысының айтуынша, «зауыт құрылысы ҚР барлық заң талаптарына сай келеді» дейді. Сонымен қатар, жүргізілген гидрогеологиялық зерттеулер жұмысының қорытындысында жолдапты. Бұл заңсыз митингілерді «біреулер» ұйымдастырып отыр дейді. Жақсы, оған да сенейік. Жері шүйгін, топырағы құнарлы, таулары мұнарлы Маралдыға алтынның зауытын емес, туризмінің орталығын салса әңгіменің ауаны басқаша болар ма еді? Жер жәннатына айналған тұмса табиғаттың бойында  этноауыл салып, батыс пен шығыстан, солтүстік пен оңтүстіктен келетін шетелдік қонақтарды қарсы алып, табиғатын аралатып-ақ миллиондаған доллар пайда табуға болар еді ғой,- деген пенделік ой келеді.   Ал алтын іздеп, алба-жұлба ғып тастаған далада алтын біткен соң Маралды «Аралдыға» айналып кетпей ме?  Ал Маралдыдағы алтын болашаққа қалар еді. Марал да елден қашпас еді-ау…..

 

Асылбек Байжұмаұлы

Оқылып жатыр

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

Жаңалықтар 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — ҚХР инвесторлары Тараз қаласында су ресурстары мен ирригация жүйелерін басқаруға…

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.