• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Мемлекеттік қызметке қандай реформа керек? «Бишимбаев ісі салған ой»

Мемлекеттік қызметке қандай реформа керек? «Бишимбаев ісі салған ой»

10 мая, 2024 Қоғам

 

Жақында ғана елімізді басқан су тасқынымен жарыса жарыққа шыққан «Бишімбаев ісі» әлеуметтік желіде сұмдық жылдамдықпен талқыланды. Тіпті «Жоғарғы соттың» ютуб каналындағы парақшасын сот процессі кезінде 3 млнға жуық халық көріп отырды. Бұл аралықта мемлекетте «Отбасылық зорлық-зомбылық туралы» заң шығарып үлгерді. Оның бәрі жаңалық емес. Алайда, бар жоғы 36 жасында бір мемлекеттің экономика министріне дейін көтерілген жастың білімі мен қызметіне сүйсінбеген жан болмаған шығар. Министр болғанға дейін, Президентке кеңесші болып үлгерген жас дарынның болашағына ешкімнің күмәні жоқ еді. Алайда 2017 жылы аса ауыр көлемде «пара алды» деп сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігімен ұсталып, сотпен 10 жыл абақтыға кесілген Қуандық екі жылдан соң бостандыққа шығып үлгерді. Айтпағымыз ел білетін мәлімет емес. Біріншіден,  жастарды өте ерте министр, министрдің орынбасары, әкім немесе әкімнің орынбасары қызметтеріне ерте тағайындау қаншалықты дұрыс? Кеңес Одағы  кезінде ауылдан бастап, сонау министрлікке дейін сан тәжірбиеден өтіп барып орналасатын қызмет қазір ойыншыққа айналып кеткен сияқты. Аузынан ана сүті кеппеген жап-жас бала 400-500 мың халқы бар облысқа орынбасар, мемлекеттің бір тұтқасы салалық министрлікті басқарып отырады. Жақсы, қабілеті жетіп, қарымы болса басқарсын. Бірақ қызмет мәңгілік емес қой. Бір-екі жылдан кейін оны қызметінен алып тастайды. Одан кейіңгі тағдыры не болады? Кешегі сайлауда кеңірдегін жыртып жүріп, Мәжіліске депутат болған Мәди Ахметов қайда? 26 жасында обылс әкімінің орынбасары болған Шыңғыс Мұқан қайда?   Бишимбаев Қуандық та шетелден оқып келе салысымен жоғары қызметтерде еңбек етіп кетті. Үш университеттің ректоры болған әкесінің таныстығы ма?. Әлде Қызылорда облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік басқармасының бастығы болған, полковник атасының аруағы қолдады ма?. Неде болса жас жігіттердің жалындап тұрған шағында билік тізгінін ұстап, оның шыңына жеткен соң ары қарай қызметтен кеткеннен кейіңгі өмірі жайлы мемлекеттің толғана бермейтіні қызық. Сондықтан да бұл салада әлі ойланатын мәселе көп сияқты. Сол шетелден білімі асып, тасып келген жастарды алдымен ауылға, одан соң бір екі жыл ауданға, бірнеше жылдай облыста түрлі салада ұстап, тәжірбие жинақтап, толықан кезінде министрлік деңгейіне көтерген дұрыс сияқты. Мысалға, Жапонияда 2007 жылы қабылданған мемлекеттік қызмет туралы құжатында «мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке дейін» деген бөлім бар. Демек, мемлекетке қызметке келген адам, жемқорлық т.б бәлеге ұрынбай, өз қызметін адал атқарып жүрсе, зейнеткерлікке дейін оның қызметсіз қалмауын тікелей бақылайды деген сөз. Біздегі үрдіс қандай? Жалындаған жас шағыңды мемлекетке бересің. Адал еңбек етесің. Қызметтен кеткен күні мемлекетке қажет емес боп қаласың. Яғни, мемлекет қызметкерлерін ары қарай еңбекпен қамту жұмыстарымен айналыспайды. Ал қолы жеткені бизнеске кетеді. Жетпегені жекеменшік секторда қызмет етеді немесе такси айдап, отбасының қамын ойлап, амалсыз алған білімі мен тәжірбиесін жоғалтады. Екінші үлкен мәселенің бірі мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық жағына ешкім басын ауыртпайды. Мысалға, Бишимбаевтың сырт көзге білімді азамат көрінгенімен, шын мәнінде тиран екендігін, оның үш рет үйленіп тастаған азамат екенін сот барысында білмесе, үнсіз қалар еді. Ал Жапонияда отбасын құрмаған немесе ажырасқан адамдарды мемлекеттік қызметке алмайды. Себебі «Отан отбасынан басталады» демекші, өзінің шағын отанын құра алмай немесе отанын сақтай алмаған адам «Ұлы Отанында» қызмет істей алмайды деген сөз. Тіпті бізде министр тағында отырып тұрмыс құрмаған немесе ажырасып жүрген азаматтар мен азаматшаларда бар. Олар қоғамға, жастарға қандай тәрбие береді? Сондықтан да мемлекеттік қызметке қабылдар кезде оның отбасылық жағдайы мен психологиялық қабілетіне ерекше мән беру керек сияқты. Қандай да бір әдіспен психологиялық қатаң тексеруден өткен соң ғана мемлекеттік қызметке қабылдау ережесін ойлап тапқан дұрыс. Түптің түбінде біз осыған бәрібір келеміз. Кеше ғана Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшінің кеңесшісі де әйелін «ұрғыш» батырлардың қатарынан екенін көрсетті. Әлемжелі әлі шулап жүр. Мұның барлығын мемлекеттік қызметкердің теолриялық білім болғанымен ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, ана тілін, ата тарихын меңгермегендігінің кесірі деп білемін.

Үшінші маңызды мәселенің бірі, «Ескі Қазақстан» кетіп, «Жаңа Қазақстан» құрылғалы бері мемлекеттік қызметте де жөн-жосықсыз жасы үлкен, тәжірбиелі азаматтардың барлығын бұрыңғы еңбегін ескерместен жұмыстан шығарып жіберу немесе жұмысқа қабылдамау сынды үрдіс пайда болады. Биліктің оның басқару жүйесінің ауысуына оның қандай кінәсі бар? Отыз жылдан астам уақытын экология саласына арнап, мемлекеттік қызметтің жілігін шағып, майын ішкен ағамыз неге қайта шақырылмайды? Маман жетіспейді дейді. Жетіспей тұрған орынға осындай азаматтар келіп, өзінің білімімімен неге жастармен бөлісуіне мүмкіндік берілмейді?

Ал мемлекеттік қызмет саласындағы трайбализм, достық, таныстық арқылы және жоғарыдағы «көкелер» арқылы қызметке келу үрдісі өршімесе басылған жоқ. Мемлекеттің болашағы әрқайсымыздың қолында. Отаныма қызмет етпеймін дейтін адам болмайды. Тек мемлекет оған мүмкіндік беріп, қолдай білу керек. Кезінде қаһарлы Сталин көкеміз «кадры решают все» деген екен. «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан» құрып жатқан заманда әрбір маман жас болсын, жасамыс болсын ауадай қажет. Әрқайсының өз саласында еңбек етіп, еліміздің дамуына үлесін қосуына мүмкіндік берген жөн деп есептеймін.

 

Асылбек Байжұмаұлы

 

 

Оқылып жатыр

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан…

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025

Зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды

12 декабря, 2025

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

12 декабря, 2025

Алматыда аналарды сәбиін сатуға итермелеген қылмыстық топ қолға түсті

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.