Депутат деген кім? Оның нақты міндеті қандай? Соңғы кездері осы бір сұрақ көпшілікті мазалайды? Иә, түрлі терминдер бар. Бірақ менің түсінігімде депутат -халықтың көзі һәм құлағы. Депутат бұл заң шығарушы орган емес, мансапқорлықтың тағына айналды. Жоғарғы Кеңес тарқаған соң билік өздеріне ыңғайлы заң шығару мақсатында Мәжілісті әртістермен, спортсмендермен, Ассамблеямен толтырды. Демек, заң, экономика, білім және ғылым саласының мамандары Мәжіліске керек емес болды. Олар көп біліп, кейіннен тиісті заңды қабылдауға кедергі болады деп есептеді. Бүгіңгі «Жаңа Қазақстанның» Мәжілісі мен Сенаты қандай?
Қазіргі Мәжілісте де кәсіби мамандар баршылық. Бақытжан Базарбек жер саласының маманы болса, Абзал Құспан, Үнзила Шапақ заң саласының мамандары. Осы жұмыстарда теориялық бағытта емес, практикалық бағытта еңбек еткендер. Ал қалған депутаттарымыз журналистер, ақындар, жазушылар мен ғалымдар және экс шенеуніктер. Біздің білуімізше Сенатта депутат ешқандай тақырыпты көтере алмайды. Көтеру үшін Сенат төрағасымен алдын-ала келсіледі. Тек рұқсат етілген бірнеше тақырыпта ғана сөйлейді. Ал Сенат не үшін керек. Сенатта мемлекетке және «билікке» ерең еңбегі сіңгендер отыратын жер. Олар Мәжілістің билікке «ыңғайсыз» заңдарын қайтарып жіберіп отыру үшін жиналған қорғаныс шебі. Ал Мәжіліс Сенатқа қарағанда еркіндеу қимылдайды. Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай, Аманжол Әлтай, Жанарбек Әшімжан, Ермұрат Бапи сынды ел алдында жүрген азаматтардан құралған топ халықтың үнін «ашық» айту үшін отырғандар. Бірақ шешіліп жатқан мәселелер шамалы. Себебі бұл азаматтар бір мәселенің төңірегінде мәселе көтеріп, халық оны қолдап жатқанда Мәжілісте басқа да заңдар халықтан айналып өтіп, қабылданып кетеді. Сонымен қатар Мәжілісті де, Сенатты да билеуші партияның өкілдері құрайды. Ал қалған партиялары мемлекет бөлген 7-8 орындық квотаға және 4 млрд тенге шамасындағы қаржыға келісіп отыра береді. Бұл партиялардың қатарында «Ауыл», «Ақжол», «Халық партиясы», «Республика», «ЖСДП» сынды аты бар да заты жоқ партиялар кіреді. Алайда барлығы да бір пультпен басқарылады. Бір көзден қаржыландырылады. Бұл әлем елдерінің алдында бірнеше партиядан тұратын демократиялық Парламент бар екенін көрсету үшін сызылған картина ғана. Әрбір депутаттың Президент әкімшілігі, Мемлекеттік бас кеңесші Е.Қаринмен және Мәжіліс, Сенат төрағаларымен екшеленіп «сайланатыны» белгілі. Ал одан кейін жалған сайлау компаниясын ұйымдастырып, халықтың санасын-санға, ойын-онға бөліп, бірі ауылым, бірі жастарым, бірі «билік ұры» десіп шындық айтқансып, әркім өздерінің бөліп алған тақырыптары бойынша сайлау науқанын ұйымдастырады. Нәтижесінде билік өз ресурстарын яғни бюджет саласының миллиондаған адамының дауысын пайдалана отырып депутаттарды «тағайындайды». Ал Мәжліс пен Сенат депутаттарына арналған кәсіби біліктілік бойынша талаптары қарастырылмаған. Заң шығарушы органда нағыз өз істерінің маманы заңгерлер, зерттеушілер, сарапшылар, тіл мамандары, білім, ғылым, денсаулық, экология, мұнай, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс, ішкі істер т.б саласының кем дегенде ғылым кандидаты атағы бар адамдар отырса мықты заң шығары анық. Мысалға, әр елде қанша депутат бар деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Украинаның «Слово и Дело» атты сайтынан алған мәлімметрге қарасақ: Үндістанда 1 млрд 366 халыққа -790, АҚШ та 535 депутат, Жапонияда 120 млн халыққа 378 депутат, Пәкістанда -446, Индонезияда-575, Нигерияда-469, Бразилияда 211 млн халыққа-594, 83 млн халқы бар Иранда 290, 32 млн халқы бар Перуде -130, Ресейде 145 млн халыққа 620 депутат, АҚШ -та өкілдер палатасы мен Конгрессті қосқанда 535 депутат бар екен. Алайда, Еуропа елдерінде депутат ол мансап емес, ол жұмыс. Қаншама сайлау науқандарынан өтіп, халықтың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүріп келетін сайлау науқанында тек шындалған саясаткерлер ғана келеді. Тіпті кішкентай Монғолия мен Қырғыз елінің өзінде екі партия төрт жыл сайын билікке ауысып келіп отырады. Сайлау науқанына еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін араласады. Атсалысады. Өздері сайлаған депутаттан халық та уәдесін орындауды қатаң талап етеді. Мұндай конкуренцияға біздің қазіргі депутаттарымыз шыдамасы анық. Былай айтқанда, ол мемлекеттерде депутат болу проблема. Уәдесінде тұра алмаса бүкіл елге масқара болады. Бізде мемлекет қаражат бөлген, мемлекет бастаған жобаларды әр депутат бөліп алып, өздеріне теліп жүре береді. Ал нәтижесі жоқ десе де болады. Отыз жылдан астам жемқорлықпен күрес саласы өршімесе, кемімеді. Семей, Арал проблемалары шешілмеді. Түрлі компаниялар, олигархтар мен партиялардың мүддесін қорғайтын Парламентте соларға ыңғайлы заңдар қабылданып жатқаны шындық. Демек Қазақстанда кәсіби Парламент әлі құрылмаған және алдағы бес-он жылдықта биліктің бұл жүйені реформалауға деген құлқы жоқ. Қазақстанда нағыз демократия 14 жылдан кейін, Кеңес Одағын көрмеген, еуропалық тәрбиемен өскен жастар билікке келген кезде ғана өзгерістер орын алуы мүмкін. Оған дейін қымбат болса да бүгіңгі ішкен асымымызға «тәубе» деп отыратын боламыз.
Асылбек Байжұмаұлы