Заң бұзушылық Шет ауданында анықталды.
Оқушылар үшін салынған үш қабатты жатақханадан балаларды 2 жыл бұрын шығарып тастаған.
Тексеріс кезінде жатақхананың екінші қабатында аудандық білім бөлімінің орналасқаны анықталды.
Ал үшінші қабатында білім бөлімінің меңгерушісі, мекеме қызметкерлері мен әдіскерлері тұрған.
Прокурорлар жатақхананы балаларға қайтарды. Ал кінәлі шенеуніктер жауапкершілікке тартылды.