Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова айтты.
«Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген. Дәл қазір Әділет министрлігінде қаралып жатқан жаңа саяси партиялардың өтініштері жоқ. Бірақ биылғы жылдың басынан бері Әділет министрлігіне саяси партиялар құру туралы үш хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы белгіленген тәртіпте қаралды. Біреуі қолдау тапты – Yntymaq партиясы. Қалған екеуі бойынша құжаттары толық жиналмаған, сондықтан қабылданбады», – деді ол