Балалар 2010 жылдан бастап кезекте тұрған.
Солтүстік Қазақстан облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды, деп хабарлайды BaiMedia аймақ прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ғ. Мүсірепов ауданы әкімдігінің лауазымды адамдары «тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының талаптарын бұза отырып, 2010 жылдан бері тұрған 43 жетім баланы тұрғын үй алу кезегінен негізсіз алып тастады. Басқа жағдайда, Заңның 71 — бабының талаптарына қайшы, Ақжар ауданы мен Петропавлдың қорғаншылық және қамқоршылық органдары 3 ай бойы 6 жетім баланы тұрғын үй алуға кезекке қою жөнінде шаралар қолданбаған», — деп хабарлады ведомстводан.
Айыртау, Ақжар, Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Тайынша аудандарында, М.Жұмабаев және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарда, сондай-ақ Петропавлда қамқоршылар жүйелі негізде қамқорлыққа алынушыларды тәрбиелеу және күтіп-бағу бойынша есептер ұсынбаған.
Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Қызылжар және Тимирязев аудандарының қорғаншылық және қамқоршылық органдары кәмелетке толмағандардың пайдасына заңды өкілдерден алименттерді мәжбүрлеп өндіріп алу процесін бақылаған жоқ.
«Қадағалау органының актілері бойынша 8 лауазымды тұлға, оның ішінде ауданның білім бөлімінің екі басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұзушылықтар жойылды», – деп хабарлады СҚО Прокуратурасы.
Ақбота Асылболат