Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Қырғызстанда іздеуге жарияланды
«Вертекс Голд» компаниясының басшысы Владимир Жұманбаев көрші елде ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінді.
Тергеу мәліметінше, Қырғызстандағы Жұманбаевқа тиесілі алтын өндіруші компания 2021-2023 жылдар аралығында оларға ай сайын 1 млн сом аударып отырған.
Сонымен қатар Жұманбаевтың компаниясы Қырғызстанның мемлекеттік органдарынан нақты кіріс көлемін жасырған.
Кәсіпкер мемлекетаралық іздеуге жарияланды.