Мемлекеттік сатып алу порталында Астана қаласы әкімдігінің «Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2 млрд 700 млн 905 мың теңгенің тендерін жариялады.
Бұл қаражатқа әкімдік жаңбыр жауса су астында қалатын Тәуелсіздік даңғылындағы Момышұлы даңғылынан бастап Тәшенов көшесіне дейінгі жердің нөсер жауғандағы кәріз коллекторын жөндеу жоспарланып отыр.
«Астана қаласының нөсерге қарсы канализация жүйесін дамыту. Тәуелсіздік даңғылы бойынша Момышұлы даңғылынан бастап Тәшенов көшесіне дейінгі (2 участок) жердегі нөсер канализациясы коллекторын қайта құрастыру» мердігерлік жұмыстары», — деп жазған әкімдік тендеріне.
Айтып өткеніміздей, тендер құны — 2 721 905 920 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, Астананың біраз бөлігі жаңбыр жауса, су астында қалады.