Қазақстанда биыл әрбір 25-ші түлек «Алтын белгі» иегері атанған Мектепті барлығы 186 мың бала бітірген. Оның 7420-сы «Алтын белгімен» марапатталған. 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған. Айта кетері, құжатты енді Egov Mobile қосымшасынан алуға болады.