Қазақстанның 1424 ауылында мобильді интернет әлі жоқ
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы
Қазақстанның 1424 ауылында мобильді интернет әлі жоқ
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев айтты.
Оның айтуынша, бүгінде 1424 ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр.
«Ұялы байланыс операторларын ынталандыру үшін министрлік жаңа Салық кодексіне радиожиілік спектріне салықтық жеңілдіктерді ұзартуды және төлем мөлшерлемесін өзгертуді ұсынды. Осылайша, байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде 1 мың 76 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделген», — деді Жаслан Мадиев Үкімет отырысында.
Пайдалы сілтемелер