ҚазМұнайГаз басшысы Шеврон басшылығымен кездесті
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Chevron (Шеврон) корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесу өткізді.
Кездесуде Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын игеру, қазақстандық қамтуды ұлғайту және Шеврон тарапынан ҚМГ-ның мұнай-химия бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу перспективалары қаралды.
ҚМГ Теңіз кен орнында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мүмкіндігі мәселесін алға тартты.
Қазақстанды тауарлық газбен қамтамасыз ету үшін Қарашығанақ кен орнында жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өңдеуге қауқарлы газ өңдеу зауытын салуға қатысты инвестициялық шешімді уақытылы қабылдаудың маңызы атап өтілді.
А.Хасенов кен орындарды игеру жөніндегі жобалау құжаттарын дер кезінде мақұлдау үшін мемлекеттік органдармен де ынтымақтастық орнату қажеттілігіне баса назар аударды.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады