Қазақ тілін жасанды интеллект арқылы дамытудың моделі әзірленіп жатыр «KAZ-LLM жүйесі сізбен қазақша сөйлесе алады, сұрақтарға қазақша жауап береді. Қосымша орыс, ағылшын және түрік тілі қатар жүреді. Бұл жобаны биыл сәуірде қолға алдық, қазір шамамен 30 млрд токен жинадық. Қыркүйекте деректерді жинау жұмысын аяқтаймыз, ал айдың ортасында болжамды модель дайын болады деп жоспарлап отырмыз. 16 желтоқсанда жобаны қалың жұртқа жариялаймыз», — деді Назарбаев университеті Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) директорының операциялық қызметтер жөніндегі орынбасары Ербол Абсалямов баспасөз мәслихатында. Одан әрі қазақ тілінің ауқымды моделін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүзеге асырады. Baimedia.kz