• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жасылдардың жаңа келісімі

Жасылдардың жаңа келісімі

22 июля, 2024 Әлем

Соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғауда, таза ауа, таза өмір сүру арқылы экологиялық сананы қалыптастырып, адам өмірінің саны емес, сапасына мән беруде жаһанның жанталасып жатқаны жасырын емес. Әлемнің әр түкпірінде ортақ мақсатпен осы бағытқа атсалысып жүрген жасылдар қозғалысы – ең алдымен экологиялық мәселелерге, әлеуметтік әділеттілікке және тұрақтылыққа бағытталған саяси партия. Жаңартылатын энергия көздеріне көшу және парниктік газдар шығарындыларын азайту, биоалуандылықты және экожүйені қорғау, суды сақтау, табиғаттың байлықтарын жауапкершілікпен тұтыну және экологиялық өмір салтын ұстануды насихаттап жүрген жасылдар алғаш рет 1970 жылдары Еуропада пайда болды. Айқын мақсатымен әлемге тез тарап кеткен қозғалыс бүгінгі күні 90-нан астам елде бар. Жасылдар бірқатар елдерде, соның ішінде, Германия, Франция, Австралия және Жаңа Зеландияда сайлау барысында жеңіс тұғырынан көріне білді.

Айта кетейік, халықтың экологиялық «санасын» оятуға атсалысып жүрген Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2022 жылдың 28 қарашасында құрылып, ҚР Әділет министрілігінен ресми куәлігін алған сәттен партия төрағасы болып Азаматхан Әміртаев сайланған. Қоғамдық-саяси алаңда белсенділігімен көзге түсіп жүрген азамат қазіргі таңда да партия бастамалары арқылы жасыл экологияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау бағытында үздіксіз жұмыс істеп келеді. Басшының айтуынша, таза су мен ауа, таза жер, таза адами қарым-қатынас, таза саясат – партияның басты ұстанымы.

Елдің экологиялық саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысып, адам өмірі мен денсаулығын басты құндылық санайтын, экологиялық жағдайды қоғамдық бақылауда ұстап келе жатқан «Байтақ» партиясының Қазақстанның барлық аймақтарында өкілдіктері бар.

Экологиялық таза өмір сүруді насихаттап қоймай, осы бағытта қызмет етіп жүрген «Жасылдар» партиясы Қырғызстанда да бар. 2004 жылы маусым айының 18 жұлдызында тұсауы кесілген партияның негізін қалаушы және төрағасы Еркін Бөлекбаев – Шу облысының Сокулук ауылында дүниеге келген. 1998-2005 жылдары Қырғызстан жоғары кеңесінің заң шығарушы жиналысының екі шақырылымына депутат болған. Уақытша үкіметтің қаржы полициясы қызметі төрағасының міндеттерін атқарушы болған. Сондай-ақ «Алаш» қоғамдық ұйымының төрағасы ретінде қызмет етуде.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтауға басымдық беріп, әлемге, табиғат-анаға зиян келтірмейтін тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізуді мақсат еткен партия 1992 жылы қоғамдық қозғалыс ретінде құрылған. Құрылтайшылардың қатарында Эльнура Мәдиева, Бақтыгүл Әлімбекова, Алик Адаев, Аида Садықова, Алтынай Иренчиева, Еркін Бөлекбаев, Жылдыз Идирисова, Андрей Вахненко, Денис Казанцев, Татьяна Веденева, Әбдімәжит Мадмаров бар.

Ғаламшардағы жасылдар қозғалысымен мақсаты ортақ Өзбекстан экологиялық партиясы алғаш рет 1990 жылы Арал теңізін қорғау қоғамы ретінде құрылған. 2019 жылы 8 қаңтардан бастап Өзбекстанның экологиялық партиясы ретінде негізі қаланды. Мемлекеттің табиғи ресурстары мен биоәртүрлілігін сақтау, экологиялық сауаттылықты және қоғамның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуын арттыруды мақсат еткен партия Өзбекстанның аймақтары бойынша экологиялық мәселелерге назар аудару үшін митингілер, наразылық акциялары және басқа да түрлі шаралар өткізіп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заң жобалары мен түзетулер ұсынады. 2022 жылдан бері партия төрағасы ретінде Абдушукур Хамзаев қызмет етіп келеді. Былтыр Қазақстанның «Байтақ» жасылдары партиясы Өзбекстанның экологиялық партиясымен Орта Азиядағы ауызсуды тиімді пайдалану бойынша келісімге қол қойған болатын. Келісім барысында су институтын құрған кезде кәсіби мамандармен қамтамасыз ету, Аралдың құрғаған табанын игеру, ортақ су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерінде ықпалдаса отырып, бірге жұмыс істеу тілге тиек етілді.

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді қазақ. Табиғат-анамен үндестікте өмір сүру, табиғи ресурстардың көзін сақтап, қоршаған айналаны қорғау ғаламшардағы әрбір адамның парызы десек, осы мақсатта бірігіп, күш салудан артық шешім жоқ. Ортақ мақсаттар арқылы ынтымақтастықты арттыруды көздеген Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев 21 шілде күні Қырғызстан мемлекетінің Чолпон-Ата қаласында Еркін Булекбаев төрағалық ететін «Қырғызстанның жасылдар партиясымен» ынтымақтастық келісімшартын жасады. Түрі басқа, тілегі бір қос мемлекеттің партиялары Орталық Азияның бірегей табиғатын бүгінгі балалар, болашақ ұрпақ үшін сақтауды, елдің тұрақты дамуы мен экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету жолында Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қоюмен шектелмей, алдағы жоспарлар жөнінде де талқылады. Қырғыздардың ұсынысы бойынша Түрік елдерінің алдағы жасылдар саммиті Түркістанда өткізілмек.

Айта кету керек, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Корея, Жапония мемлекетінің жасылдар партиясымен тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу, жасыл экономикаға көшу, энергетикалық қауіпсіздік бағытында меморандумға отыруды жоспарлап отыр. Одан бөлек Германия, Ұлыбритания, Щвеция, Данияның жасылдар партиясымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Көршілес Ресейдің жасылдар партиясы да ортақ мақсатта бірігіп іс-шараларды іске асыруға ұсыныс жасап отыр.

Дина Мәделханқызы

Оқылып жатыр

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан…

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025

Зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды

12 декабря, 2025

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

12 декабря, 2025

Алматыда аналарды сәбиін сатуға итермелеген қылмыстық топ қолға түсті

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.