Атақты француз футболшысы Зинедин Зидан қазақстандық үстел теннисі сайысында жанкүйерлер сапында отырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Футболшы тікелей трансляция кезінде кадрға ілікті. Дәл осы сәтте қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко сынға түсіп жатқан.
Отандасымыз Олимпиаданы аяқтады.
Ол Мысыр өкілі Омар Ассадқа 2:4 (11:8, 11:6, 10:12, 10:12, 9:11, 3:11) есебімен есе жіберіп алды.