• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қоғамдық бақылау туралы заң: Алматының жасыл желегі 75 %-ға зақымданған

Қоғамдық бақылау туралы заң: Алматының жасыл желегі 75 %-ға зақымданған

7 августа, 2024 Қоршаған орта

Қазақстанның көптеген өңірі табиғат ерекшелігімен және жасыл желегімен танымал. Алайда соңғы жылдары ормандар мен жасыл желектердің жағдайы нашарлап барады. Бұл мәселе тек экологиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік жағынан да маңызға ие. Ағаштарды қорғау – тек мемлекет емес, әрбір азаматтың міндеті. Осы орайда өткен айда «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы жасыл желекті қорғау мақсатында маңызды қадам жасап, алғаш рет «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның нормасын жүзеге асыруда. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды шара қазақстандықтардың экологиялық жағдайды бақылау мен мониторингке белсенді қатыса алатынын көрсетті. Алматыдағы ағаштардың биоөңделу сапасын зерттеу қоғамға үлгі бола білді.

Еліміздің оңтүстік астанасының тұрғындары өңірдегі флора жағдайының нашарлауы, құрғауы және аурулары туралы шағымдануда. Әсіресе, жергілікті ағаштарға сай келмейтін өңдеу әдістері тұрғындар мен экологтардың алаңдаушылығын туғызды.

2023 жылғы 2 қазанда қабылданған № 30 «Қоғамдық бақылау туралы» Заң азаматтарға және қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әртүрлі салаларда, соның ішінде қоршаған ортаны қорғауда мониторинг жасауға құқық береді. «Байтақ» жасылдар партиясы Алматыдағы ағаштарды зерттеу мақсатында осы норманы қолдануға шешім қабылдап, іске кірісуде.

Айта кетейік, зерттеудің мақсаты – қаладағы түрлі ағаштардың қазіргі жағдайын бағалау, химиялық препараттардың қолданылу жағдайларын анықтау және өсімдіктерді биоөңдеудің баламалы әдістерін ұсыну. Ғылыми зерттеу экологтар, ботаниктер, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен еріктілерді қамтитын жұмыс тобын құрудан бастау алды. Жоспарға сай қаладағы ағаштардың жағдайы өзекті бірнеше негізгі аудандар таңдалды. Жұмыс тобы ағаштардың түгендеуін жүргізіп, олардың жағдайын, аурулар мен зақымданулардың бар-жоғын белгіледі. Ертеректе тиімсіз химиялық препараттар қолданылған жерлерге ерекше назар аударылды. Химиялық заттардың бар-жоғын анықтау үшін де арнайы жұмыс атқарылды. Осылайша 24 шілдеде жасыл желектерді тексеру актісіне сәйкес алынған нәтижелер тіркеліп, кәсіби мамандар жасыл желектердің жағдайын анықтау, есепке алу және бағалау бойынша орман патологиялық зерттеуін жүргізді.

Нәтижесінде зақымдалған ағаштардың жапырақ үлгілері мен зиянкес жәндіктер зертханаға диагностика және талдау үшін жіберілді, молекулалық-генетикалық әдістер мен геномдық технологиялар қолданылды. Сонымен бірге ағаштарға айтарлықтай зиян келтіретін зиянкестер анықталып, флораны препараттармен өңдеу тиімді емес екендігі дәлелденгендей. Алматының жасыл желектерінің 70-75%-ы зиянкестермен қатты зақымдалған. Тіптен мерзімінен бұрын жапырақ түсу басталып, жасыл желек қоры шілде айында-ақ кеуіп үлгерген.

Тексеріс нәтижесі, қоршаған ортаны бақылау заңына сай зерттеу жұмыстарын оқырманға тікелей ұсынып отырмыз. Айта кету керек, бұрын «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясының бастамасымен осы мәселеге қатысты сарапшылардың дөңгелек үстелі өткізілген болатын. Қоғамдық талқылау проблеманы назарға алып, оны шешу бойынша нақты ұсыныстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Партия ұсыныстары негізінде жергілікті билік тиімсіз химиялық препараттарды пайдалануды біртіндеп тоқтату және ағаштарды дұрыс биоөңдеуге көшу туралы шешім қабылдауды қарастыруда. Қаланың бірнеше ауданында пилоттық жобалар әзірленбек. Алдағы уақытта да жасылдар партиясының командасы бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, қоғамдық бақылау тәжірибесін басқа экологиялық мәселелерге кеңейтетін болады.

 

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.