• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Бүкіл көше сасып жатыр»: Астанада жол салу кезінде мердігер компания кәріз құбырын жарып жіберген

«Бүкіл көше сасып жатыр»: Астанада жол салу кезінде мердігер компания кәріз құбырын жарып жіберген

15 августа, 2024 Қоршаған орта

Астана көшелерінің бірінде 10 күн бұрын кәріз құбыры жарылған. Жол құрылысын жаз басында бастаған мердігерлер құбырға зақым келтірген екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда тұрғындарының сөзінше, жағдайды толассыз жауған жаңбыр одан сайын қиындата түскен. Бүкіл кеңістікті су мен кәріз су басып, сасық иіс мүңкіп жатыр дейді.

«2 апта бұрын жаңбыр жауған кезде бұл иіс айналаға лезде жайылды. Мен осында 6-қабатта тұрамын. Балаларым үшін қатты қорқамын. Олардың бірі сонда құлап кете ме деп уайымдаймын”, – дейді тұрғын.

Тұрғынның сөзінше, мердігерлер осында лезде жол салып береміз деп уәде берген екен. Алайда қазылғанына бір айдан асса да, жұмыс баяу жүріп жатыр дейді.

Ал маманның айтуынша, шамамен құбырдың 200 метріне зақым келген. Сондай-ақ топырақ қабаттарын алу кезінде құбырлар ауыр техниканың әсерінен бүлінген. Алайда мердігерлер бүлінген жерді жөндемей, құбырды одан әрі құртқан.

“Зақымдалған құбырдан да, сырттан жауған жауынның салдарынан да траншея түгелдей суға толып, шұңқырға айналған. Барлық құбырлар жер бетіне қалқып шығып, кішкене зақымдалған жердің кесірінен ұзындығы шамамен 60-100 метр бөлігі жарамсыз болып қалған. Бұл аумақ енді жөндеуге келмейді. Жалғыз әдіс – аумақты ауыстыру. Олар құрылыс жасау ережелерін ұстанып, мұқият жұмыс істеген кезде, мұндай мәселелер туындамас еді”, – деді сарапшы Абзал Сәдуақасов.

Өндірушілердің айтуынша, құбыр 16 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеген. Егер құрылысшылар қолын тигізбесе, ол өз қызметін атқара берер еді.

“Мұнда небәрі 200 метр құбыр зақымдалған. Қалған 3 шақырымы жұмыс істеп тұр. Екіншіден, құрылыс жұмыстары басталғанға дейін құбырлар жұмыс істеп тұрды. Оларға ешқандай шағым болған жоқ. Құбыр сонда қазір көміліп жатыр, яғни, құбыр бұзылмаған жерде ол да жұмыс істейді”, – дейді “AmitechAstana” ЖШС бас директоры Дмитрий Махеня.

Тұрғындардың айтуынша, оларға жаңа оқу жылы басталмай тұрып жолды асфальттап беруге уәде еткен. Енді жөндеу мерзімі ұзартылатын болды.

Әкімдіктің сөзінше, мердігер зардаптарды жоюға тырысып жатыр.

“Қазіргі таңда коллектор қалпына келтірілді. Зақымдалған құбырды ауыстыру және топырақпен толтыру жұмыстары жүргізілді”, – деді Астана қаласының көлік және жол көлігі инфрақұрылымын дамыту саласының бас маманы Дастан Қазбеков.

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.