• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Азаматхан Әміртаев: «АЭС керек пе деген сұрақтың өзі қате»

Азаматхан Әміртаев: «АЭС керек пе деген сұрақтың өзі қате»

21 августа, 2024 Басты тақырып

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) салынуына қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды Баймедиа.кз.

Айта кетейік, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы АЭС құрылысына байланысты қауіпсіздік, экологиялық тазалық, ашықтық, кәсібилік және басқа да факторларды түсіндіру бағытында үздіксіз ақпараттандырып келеді. Бұл туралы қазақстандық сайттар жарыса жазуда. Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, атом электр станциясына қатысты түрлі пікір бар және жасылдар партиясы осы мәселе бойынша өз ұстанымын білдіргісі келеді.

«Елімізде атом электр станциясын салу жөнінде талқылау жүріп жатыр. Әрине, осы бағытта әртүрлі ой-пікір бар. «Байтақ» жасылдар партиясының басты мақсаты – таза ауа, таза жер, таза суды қамтамасыз ету, экологиялық таза өндірісті қалыптастыру болғандықтан осы бағытта жұмыс атқарып келеміз. Сондықтан атом электр станциясын салу мәселесінде ойымызды ашық, көзқарасымызды шынайы жеткізуіміз керек. Әлемде таза, жасыл энергия көзі – атом энергиясы боп саналатыны анық. Жалпы бізге АЭС керек пе деген сұрақтың өзі қате» дейді ол.

Сонымен қатар ол 2023 жылы Дубайда өткен ірі климаттық саммитте Қазақстанның қатысқанын атап өтті. Дамыған елдер, соның ішінде Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да экономикалық қуатты мемлекеттер ХХІ ғасырда атом энергиясы негізгі энергия көзі болып табылатынын бір ауыздан мәлімдегенін айтты. «Өткен жылы Дубай қаласында климатқа байланысты «КОП-28» атты үлкен саммит өтті. Саммитке біз де қатыстық. Еуропаның дамыған елдері, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония сынды мемлекеттер барлығы бір дауыспен атом электр энергиясы бүгінгі күннің басты энергиясы екенін атап өтті. Себебі атом электр станциясы ғана климаттың тұрақтылығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мүмкіндігіне ие» дейді партия басшысы.

Таза, қауіпсіз энергияны қолдайтын басшы көмір электр станцияларының атмосфераға тигізетін зиянына да назар аударды.

«Көмір отыны энергиясының ауаға жіберетін қалдығы көп. Мысалы, Теміртау, Балқаш, Алматы, Астана сияқты қалаларда демалатын ауа жоқ. Біз атом электр станциясының энергиясын таза, жасыл энергия көзі деп санаймыз. Халыққа осыны жеткізгіміз келеді. Ел осыны түсінсе дейміз. Атом электр станциясы – ғылымның жетістігі. Бұл жетістікті, осы бағыттағы барлық ғылыми ресурстарды дамытуымыз керек. Мәселен, әлемдегі ең үлкен уран шығаратын мемлекетпіз деп мақтанамыз. Бірақ оны біз шикізат ретінде ғана сатудамыз. Ал оны өңдеп, одан энергия алып, жақын елдерге экспортқа шығарсақ, мемлекеттік бюджетке қаншама пайда әкеледі. Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, тіпті, Еуропа елдері өздеріне жеке атом электр станциясын салып жатыр. Бір ғана АҚШ-та 99 электр станциясы бар. Жапонияда атом, Оңтүстік Кореяда мини атом электр станцияларын қалаларға ғана емес, көше-көшені түгендеп салуда. Бұл аталған станцияның қауіпсіз екенін дәлелдейді. Ғылымда қателікпен жұмыс жасау деген қағида бар. Иә, ХХ ғасырларда ғылымға қарамастан туындаған белгілі бір апаттар бар болғанмен, оның барлығы ғалымдар тарапынан талқыланып, кемшіліктер жойылған. Атом электр станциясы «су-су» технологиясын пайдаланады. Ал әлемдік тәжірибеде аталған технологиясымен жасалған реактордың бірде бірінде апат болмаған. Сонымен қатар атом электр станциясымен уранды 4-5 % ғана байытуға болады. Демек ешқандай жарылыс қаупі жоқ. Бұл ақпаратты, шындықты қазақстандықтарға жеткізу – партиямыздың борышы» дейді.

Айта кетейік, күзде АЭС құрылысына қатысты референдум өтпек. «Біздің халқымыз осы референдумда дұрыс таңдау жасайды деп үміттенемін. Бұл бағытта біз әрбір сөзімізді, әрбір ғылыми дәлелімізді халыққа жеткізуге дайынбыз. Құрметті отандастар, дұрыс таңдау жасаңыздар. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Біз ғылымның жетістіктерін еліміздің игілігіне пайдалануымыз керек», – деп қорытындылады Азаматхан Әміртаев.

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.