• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Теңізшевройл» талмасы ұстаған қызын құтқаруға кеткен көп балалы әкені жұмыстан қуып жіберген

«Теңізшевройл» талмасы ұстаған қызын құтқаруға кеткен көп балалы әкені жұмыстан қуып жіберген

28 августа, 2024 Жаңалықтар

Мұнайшы Әсет Әженовтің жұмыссыз жүргеніне 1 жыл екі айдан асқан. «Теңізшевройл» компаниясы талмасы ұстаған қызын құтқарамын деп 7,5 сағатқа жұмыстан қол үзген азаматты бап бойынша қызметінен қуып жіберген, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Azattyq Rýhy редакциясына сілтеме жасап.

Әсет Әженов 40 жаста, Атырау облысы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ол алты баланың әкесі, жұбайы күміс алқа иегері. Бір баласының мүгедектігі барына байланысты қазір Ақтөбе қаласында тұрып жатыр.

«Жұбайым мүгедек баланың ресми түрде қараушысы, бала күтімімен отыр. Өзім 20 жыл бойы мұнай саласында қызмет еттім. Соңғы 12 жыл бойы «Теңізшевройл» ЖШС компаниясында жұмыс істедім. Осы жылдар арасында жұмыс тәртібін бұзып, түсініктеме жазып көрмеген адаммын. Компанияда вахталық кесте бойынша жұмыста болдым, яғни 21 күн жұмыс істеп, 21 күн демалыста боламыз.  Былтыр 2023 жылдың 20 мамырында келіншегім телефон соғып, 5 жасар қызымның талмасы ұстап қалғанын жеткізді. Өлім мен өмір ортасында жатқан қызыма жұмыстан шығып жөнелдім. Себебі әр ата-ана таразыда баласы мен қызметі тұрған жағдайда отбасын таңдары анық», — дейді Әженов.

Ол жұмыстағы әріптестеріне ескертіп, такси ұстап 121 шақырымда орналасқан Құлсары қаласына кетіп қалған.

«Қызымның алғашқы талмасы емес, ол 4 жылдан бері ауырады. Біздің аудан мен облыста балаларды қарайтын шағын бағыттағы бірде-бір дәрігер жоқ. Баламызды 4 жыл бойы Ақтөбе қаласындағы клиникадан алып жүрдік. Мен вахтадан шыққан соң сол жаққа барып емдететін едік. Осындай жағдайда Құлсарыға барып, әйелім мен қызымды Ақтөбе қаласына жөнелтуім керек. Алдын ала алынып тұрған билет те жоқ. Осылайша, 7,5 сағат жұмыс орнымда болған жоқпын. Келесі күні жұмысқа қайтып келдім. Компания өзіме ештеңе ескертпестен, төрт күннен кейін алдыма хат түрінде түсініктеме жазуымды сұрады. Мен жағдайымды айтып, түсініктемесін жазып бердім. Алайда олар маған қатаң ескерту жасап, 9 маусымда таңертең жұмыстан босатты», — дейді ол.

Әсет Әженовтің айтуынша, жұмыс беруші жұмыстан босатпас бұрын олар «тараптардың келісуі арқылы кетесіз бе?» деп сұраған.

«Мен өз еркіммен неге кетуім керек? 12,5 жыл осы жерде жұмыс істедім. Ештеңе ұрламадым, алаяқтық жасамадым, ішімдік ішіп жұмыс орнымды тастап кетпедім. Тойға да кетіп қалмадым. Баламның өмірін сақтап қалуым үшін мәжбүрлі түрде кетуім керек болды. Бап бойынша шығарамыз деді, шығарыңыз дедім», – дейді Әженов.

Осылайша, Әсет Әженов адвокат жалдап, алып мұнай компаниясы «Теңізшевройлді» Атырау қалалық сотына береді. «Судья Динара Баймаханова істі екі ай қарады. Олар Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясына сұрау жасады. Менің жағдайымды зерттеп, қорытынды берулерін сұратты. Ол қортындыда жағдай егжей-тегжейлі қаралып, менің жұмыстан кеткен себебім түсінуге тұрарлық деген қорытынды шығарып, жұмысқа қайта қабылдап, төлемдерді төлеуді өтінген. Құжатта мемлекеттік инспектордың қолы мен мөр де бар. Осыған қарамастан, сот компанияның пайдасына шешілді. Онымен келіспей, облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсірдік. Олар да істі 4 ай қарап, «шешімді өзгеріссіз қалдырамыз» деген шешім шығарып берді. Соңғы инстанция Жоғарғы сотқа жүгіндік. Наурыз айында арызды тапсырған едік. Шілдеде «қараусыз қалдырады» деген қаулы шығарып берді. Қазір Жоғарғы сот төрағасының атына шығу ғана қалды. Оған жібергенімізге 1 ай болды. 1,2 жыл жұмыссыз жүрмін. Менің 6 балам бар, мектеп оқитын 5 балам бар. Әке-шешем бар. Барлығын қосқанда маған 10 отбасы мүшесі қарап отыр», — дейді Әсет Әженов.

Оның айтуынша, Жоғарғы сотқа берілген арыздың мәртбесі 7 тамызда судьяға берілген деп тұр.

«Компания, жасарын жасап, жұмыстан шығарып тастады. Алайда Қазақстанның сот органдарындағы әділетсіздік жанға батып отыр. Растайтын құжаттардың барлығы бар. Сол күні ауруханаға баланың ауыр жағдайымен бардым деген анықтама да бар. Осылардың барлығы бола тұра, әділеттікке жете алмай жүрмін», — дейді ол.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025375 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.