Қазақстан су ресурсының 40 пайызы көрші елдерге тәуелді. Яғни, Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, Тобыл, Есіл және Шу өзендерінің бастауы шекараның арғы жағында жатыр. Ал олар жыл сайын арнаның басын бұрып, су көлемін азайтуда. Сондықтан бұл трансшекаралық өзендер стратегиялық және экологиялық басты мәселелердің бірі болып тұр.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, шекарасын шегендеп, өзен-су арналарының тек қолдану туралы құжаттарға да қол қойды. Мұндай келісім-шарт 1998 жылы Өзбекстан, Қырғызстанмен, 2001 жылы Қытаймен жасалды. Алайда, әлі күнге дейін өзенді ортақ пайдалану мәселесі шешілер емес. Ғалымдар мұны әлемдік климаттың жылынуымен байланыстырады.
Мәселен Ресейден келетін Жайық өзенінің суы 2007 жылдан бері 3 есе азайған. Ал сарқылып жатқан Сырдарияның да ғұмыры өкінішке орай қырғыз, тәжік, өзбек көршілерімізге байланысты. Сондықтан Үкімет қазірден бастап шекаралас мемлекеттермен келіссөз жүргізгені абзал.