Елдің дамуы энергия тұрақтылығына тікелей тәуелді. Ал, Қазақстанда 2035 жылға қарай электр қуатының тапшылығы 30 пайызға артады деген болжам бар. Біз әлемде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқан 27 елдің ішіндеміз. Жалпы, АЭС салу мәселесі 30 жылда елімізде бірнеше мәрте көтерілді. Тіпті, үш рет үкімет қаулы да қабылдады. Ал қазіргі алдын-ала есеп бойынша, елімізде әрқайсысының қуаты 1,4 мың МВт болатын 2 реакторлы АЭС салу керек.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында Қазақстанға АЭС салу қажеттілігі бар екенін айтқан болатын. Одан кейін Үкімет оның құрылысымен айналысатын елдердің тізімін жасады. Бастапқыда АЭС салу үшін қызығушылық танытқан төрт болды, олар Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция. Енді АҚШтың екі компаниясы да станция салуға мүмкіндігіміз бар деп отыр.
Мамандар зерттеуінше бір АЭС жыл сайын орта есеппен 20 млн тоннаға дейін көмірқышқыл қалдықтардың алдын алса, 1 кг уран 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайға тең энергия шығарады екен. Демек, АЭС-тен алынатын энергия экологиялық ең таза деген сөз.
Бүгінгі таңда әлемнің 32 мемлекетінде 440 атом реакторы жұмыс істейді. Тағы 54 реактордың құрылысы жүріп жатыр.