Олжас Бектенов ішкі нарықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды.
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту туралы баяндама тыңдады.
«World Green Company» ЖШС көкөніс өсіретін жылыжай кешеніне барған Үкімет басшысы ондағы технологиялық үдеріспен танысып, дайын өнімдерді қарап шықты. Жылыжай аумағында көкөніс өсіруге барлық қажетті жағдай жасалған: суару, желдету, көлеңкелеу, ылғалдандыру, салқындату, жылыту және басқа да жүйелер жұмыс істейді.
Бір жылда мұнда 6 мың тоннадан астам қияр мен қызанақ өндіріледі. Премьер-Министр ішкі нарықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.