• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Құлыбаев Әбу-Дәбиден ығай мен сығайлар тұратын вилла кешенін салды

Құлыбаев Әбу-Дәбиден ығай мен сығайлар тұратын вилла кешенін салды

24 февраля, 2024 Жаңалықтар

Байлар не істемейді? Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев Әбу-Дәбидің өңшең ығай мен сығайлар тұратын Nudra Villas ауданында виллалар кешенінің құрылысын аяқтады, – деп жазады alash.kz сайты Dalanews.kz-ке сілтеп.

«Выход к море» телеграм арнасының жазуынша, хан сарайындай виллаларды экс-президенттің күйеу баласының Біріккен араб әмірліктерінде тіркелген құрылыс компаниясы арқылы салған.

Әзірше ауқымды жобаның құны жайында нақты ақпарат жоқ. Жылжымайтын мүлік саласы мамандары мұндай ауқымды жобаны салу үшін кемінде 11 млрд теңге керек екенін алға тартыпты.

Nudra Villas ауданындағы виллалар кешенінің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған болатын. Әл-Саадият аралындағы кешенде әр түрлі 32 вилла орналасқан.

БАӘ тарабы қазақстандық инвесторға виллалардың құрылысын жүргізуге 25 гектар жер телімін бөлген. Құлыбаевтың құрылыс компаниясы салып біткен элиталы үйлер теңіз жағалауына жақын. Бай-манаптардың тұруына өте қолайлы. Бұл үйлерді сатып алған бақытты жандар үйден шыға салып, теңізге шомылып, күнге қыздырына алады.

Бір қызығы Тимур Құлыбаевтың компаниясы соңғы вилланы ұзақ салса керек. Оның өзіндік сыры бар.

Әңгіме арасында кешенінің құрылысы 2020 жылы басталғанын айттық қой. Ол кезде Назарбаевтың күйеу баласының ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған еді.

Кейіннен Қаңтар оқиғасы орын алып, қайын атасы да, өзі де биліктен шететтілгеннен кейін Құлыбаевтың да мазасы болмағаны анық. Осы аралықта оның Араб әмірліктерінде салынып жатқан құрылысқа бас ауыртатындай мұршасы болмаса керек.

Кейіннен Тимур Құлыбаев өз-өзіне келгеннен кейін виллалардың құрылыс жұмыстары өз арнасына түскен.

Осылайша 2023 жылы вилла кешеніне тиесілі аумақ 50 гекатарға дейін артып, толықтай қоршалады. Сонымен қатар, соңғы вилланың іргетасы құйылып, құрылысы қарқынды жүре бастайды.

Әбу-Дәбиде жылжымайтын мүліктің рестрін кез келген адамның көруіне шектеу қойылған. Бірақ «Выход к море» телеграм арнасы құрылыс жұмыстарына араласып жатқан бір мердігер компанияның портфолиосын сүзігіден өткізіп, біраз жайтты анықтапты.

©Google Earth сервисінің фотосы

Портфолиодағы бір фотода Nudra Villas ауданындағы вилла кешенін салуға Steppe Infrastructure SPV Limited компаниясы тапсырыс бергені тайға таңба басқандай анық жазылған. Ал портфолиодағы фотоға мұқият қарағанда, фотоның WhatsApp арқылы жіберілгенін анықтапты. Фотоның файлы «WhatsApp-Image-2023-10-06-at-10.06.11-AM-1». Бұдан суреттің 2023 жылдың 6 қазанында жіберілгенін байқауға болады.

Google Earth сервисі соңғы рет вилла кешені салынып жатқан аумақты фотоаға 2023 жылдың тамыз айында түсірген. Онда соңғы вилланың іргетасы құйылып, құрылыс жұмыстарының қарқын ала бастағанын көруге болады. Ал мердігер компанияның портфолиосындағы фотодан құрылыстың негізігі жұмыстары аяқталып, фото 2023 жылдың 6 қазанында түсірілгенін байқауға болады. Бұдан Тимур Құлыбаевтың Nudra Villas ауданындағы вилла кешененің құрылысы аяқталғанын байқауға болады.

Ендігі кезекте Тимур Құлыбаевтың Steppe Infrastructure SPV Limited компаниясына қаншалықты байланысы бар деген басты сұраққа жауап іздеп көрсек. «Выход к море» телеграм арнасы Тимур Құлыбаев өзіне тиесілі шетелдік компанияларын құзырлы орындарға тіркеткенде «Steppe» сөзін жиі қолданатын болса керек.

Арна зерттеушілері Steppe Infrastructure SPV Limited компаниясының соңғы бенефициары Испанияда тіркелген Flinder Data SL компаниясы екенін анықтапты. Flinder Data SL компаниясына Испанияның Каталония аймағындағы көптеген жылжымайтын мүліктер тіркелгені көпшілікке белгілі.

©Испаниядағы Can Juncadella вилласы

Оның арасында сәні мен салтанаты жарасқан Can Juncadella вилласы да бар (фотосы жоғарыда). Бұған дейін теңіз жағасындағы қыратқа салынған Can Juncadella вилласы негізгі қожайыны экс-президент Нұрсұлтан Әбішұлы екені жайындағы ақпарат тараған болатын.

Әбу-Дәбидің іргесінде, теңізге тиіп тұрған жердегі Nudra Villas ауданынан вилла кешенін салуға қомақты қаржы керек екенін біз айтпасақ та түсінікті. Өз кезегінде телеграм арна Құлыбаевтың мұндай вилла кешенін салуға 24 млн доллар (10,7 млрд теңге) жұмсауы мүмкін деп өз болжамын келтіріпті.

Бұл – қарапайым халықтың түсіне кірмейтін ақша. Ал Құлыбаев үшін кезекті бизнес жобалардың бірі болуы мүмкін.

Назарбаевтың күйеу баласы салған вилла кешенін түп көтеріп, елге әкелетін мүмкіндік жоқ. Бірақ әлгі виллалар ыстық бәліш секілді сатылып кеткеннен кейін, ақшасын елге қайтаруға күш салуға болар деп үміттенеміз.

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.