💬 «Ұлтым басқа болғанымен, жүрегім қазақ»: Өзге ұлт өкілдері қазақтарға тән қандай құндылықтарды ұлықтайтынын айтты
Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдері халқымыздың құндылығын сіңіріп, өздерін нағыз қазақ сезінеді. Қазақстандық кәріс, орыс және өзбек жігіттері Stan.kz тілшісіне қазақ ұлтына тән қандай қасиетті үлгі ететіндерін айтып берді.
Владимир Чепель – Ассамблеяның белсенді мүшесі. Ұлты орыс болғанымен, жүрегі қазақ деп соғатын 30 жастағы азамат Алматы облысы, Ақсу ауданы Қапал ауылдық округы әкім аппаратының бас маманы болып жұмыс істейді. 2017 жылдан бастап Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің жас өкілдері арасында мемлекеттік тілді оқыту орталығында қазақ тілін меңгерем деушілерге көмектеседі.
Оның айтуынша, қазақ халқының үлкендерге құрмет көрсетуі оны басқа ұлттардан ерекше етеді. Қазақтармен етене байланысы осы құндылықты дамытты дейді.
Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз!
t.me/stankznews