Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген қаракөз қызымыз турнир барысында Түрікменстан, Израиль және АҚШ спортшыларын жеңді.
Енді жартылай финалда Абиба швециялық Тара Бабулфатпен кездеседі.
Айта кетелік, Абиба Әбужақынова жақында Бакуде өткен турнирде дәл осы Бабулфатқа есе жіберген болатын.
Бұл салмақта бақ сынаған тағы бір қазақстандық балуан Ғалия Тынбаева үшінші айналымда ресейлік Сабина Гилиязовадан ұтылып қалды.
Ал ерлер арасында команда көшбасшысы Елдос Сметов ширек финалда ұтылып жарысты аяқтады.