«Біз отандық және шетелдік бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаруға, ақпараттық технологияны озық қарқынмен дамытуға, еліміздің серпінді дамуына ықпал ететін инновациялық кәсіпорын құруға бағытталған әрбір ірі инвестициялық жобаға қолдау көрсетуге Қазақстан Үкіметі кепілдік береді деп сендіргім келеді», — деді Үкімет басшысы.
Олжас Бектенов Үкімет инвесторларға ресурстарға кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік жасайтынын, инфрақұрылымдық және консультативтік қолдау көрсетіп, өнімін өткізуге көмектесетінін баса айтты.