«Күйеуіне қораппен тоқал сыйлау не деген сұмдық?»: Депутаттар дабыл қағып жатыр
Қазақстанды қойып, алыс-жақын шет елдерде желдей ескей мұндай видеолар еліміздің абыройына, азаматтардың құқықтық мәртебесіне нұқсан келтіреді деп отыр, мәжілісмендер.
Қыз-келіншектердің бұл әрекетін депутаттар масқараға балайды. Қолданыстағы «Неке және отбасы туралы» заңда да екі әйел алу нормасы жоқ. Сондықтан көптің талқысына түскен жағдай жиілесе, әзіл-шыны аралас трендке үлес қосқандарға құқықтық жауапкершілікті арттыру мәселесі қолға алынбақшы.
«Бұл бізді төмендетіп көрсететін, ұлттық құндылықтарымызға сызат түсіретіндей жағдай. Қазақтың ғасырлар бойғы өмір сүру тәртібінде әдепсіз жағдай болмаған. Өкінішке қарай, қазір қоғамда болып жатқан, қабырғамызды қайыстырған келеңсіз жағдай. Сондықтан мен түбегейлі қарсымын. Қораппен тоқал сыйлау деген не сұмдық», – дейді Аманжол Әлтай.