Алматыдағы жер сілкінісінен бүлінген ғимараттар қалай қалпына келтіріледі
Бүгін Үкіметте өткен брифингте министрге Алматыдағы болашақта жер сілкінісі болған жағдайда қираған нысандарды қалпына келтіруге қанша қаржы қарастырылғаны сұралды.
«Алматыдағы жағдай қазір Үкіметтің бақылауында. Бұл сұрақты бүгін өзіңіз де естідіңіз, Төтенше жағдайлар министрі қазіргі жағдай туралы баяндады. Әлбетте, Үкіметте жыл сайын құрылатын резерв бар. Ол бірінші кезекте техногендік апаттар мен туындауы мүмкін басқа да апаттардың салдарын жою үшін пайдаланылатын болады. Алматыда бұлай болмайды деп сенеміз. Әкімдік тексеру жүргізуде. Жергілікті басшылық қай жерде, қанша шығын бар есептейді. Егер осы жұмыстардың нәтижесінде республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен көмек керек болса, біз бұл ғимараттарды қалпына келтіруге көмектесеміз», — деп жауап берді Ұлттық экономика министрі.
Брифинг барысында журналистер министрден Алматының құны қанша екенін нақтылап сұрады.