Шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібін енгізу тұтынушыларға қалай әсер етеді
ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлінің айтуынша, бұл экономикалық тұрғыдан тиімді болады.
«Бланкілер 100% пайдаланылып, оларды алу процесі жеңілдетілгенде, тасымалдаудың өзі арзандайды. Ал егер тауарды тасымалдау арзан болса, онда сөредегі өнімнің бағасы да төмен болады», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Өз кезегінде ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Селім Қуанышұлы ашық бәсекелестік жағдайында тасымалдауға ұсыныстар көбейеді, сол арқылы жүк тасымалы (жүк тасымалдағаны үшін төлем) азаятынын айтты.
«Былтыр қараша айына дейін Польшадан Алматыға жүк тасымалдау 7 мың еуроны құрады. Мысалы, 20 тонна алма. Жыл басында тасымалдауға сұраныс болып, рұқсат бланкілерінің болмауына байланысты бұл жүкті тасу ақысы 5 мың еуроға артып, 12 мың еуроны құрады», — деді спикер.