Қазақстанда көп балалы аналар үшін тістерді қалпына келтіру төлемін енгізу ұсынылды
Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров Тамара Дүйсеноваға жүгініп, бала туғаннан кейін әйелдерге мемлекет тым аз төлейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бала үшін 140 мың теңге — әйелге өтемақы емес, тек қана баланы күтуге жұмсалатын қаражат.
Сондай-ақ, мәжілісмен қазақстандық аналардың тістерін жоғалту мәселесіне де көңіл бөліп, көп балалы әйелдерді емдеуге жеке төлем жасауды ұсынды.
«Медициналық факт — ана бала көтергенде, ол баланың дамуына кальций көп жұмсайды және өз тістерін жоғалтады. Тіс жоғалту барлық 543 мың көп балалы әйелдер үшін үлкен проблема болып табылады. Қазақстанда стоматология бағасы асыра көтерілетінін бәріміз білеміз «, — деп түсіндірді Саиров.