• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы Қазақстанның баяндамасы Женевада ұсынылды

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы Қазақстанның баяндамасы Женевада ұсынылды

7 марта, 2024 Басты тақырып

Женева, 2024 жылғы 5 наурыз – БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеттің 30-шы сессиясы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Назгүл Сағындықова бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясында бекітілген міндеттемелерді орындау жөніндегі шаралар туралы өзінің алғашқы баяндамасын ұсынды.

Құжатты ұсына отырып, қазақстандық делегация басшысы Комитет мүшелерін мүгедектігі бар адамдарды интеграциялау жөніндегі БҰҰ стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу, Конвенция мен оның Факультативтік хаттамасы бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі еліміздің нақты қадамдары туралы, сондай-ақ «әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам» атты үш қағидатқа негізделе жүргізіліп жатқан стратегиямыз бен саясатымыз жөнінде хабарлады. Н. Сағындықова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті қоғам құру міндетін қойғанын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда тұрақтылық пен инклюзивтілікке қол жеткізудің стратегиялық міндеттері Қазақстанның ұлттық даму жоспарының және 2025 жылға дейінгі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жоспардың негізіне енгізілгені айтылды.

Диалог барысында Комитет мүшелері мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа, білімге, медициналық қызметтерге, тұрғын үйге, мемлекет пен қаржы мекемелерінің қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, оның ішінде әсіресе мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қамтамасыз ету, сот төрелігіне қол жеткізу және бейбіт жиналыстарға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету мен басқа да мәселелерді көтерді. Бұдан басқа, Қазақстан заңнамасын және мүгедектердің құқықтарын қорғаудың кешенді жүйесіне қол жеткізу үшін оны нығайту жоспарларын талқылауға үлкен қызығушылық білдірді.

Мүдделі мемлекеттік органдардың (ДСМ, ЕХӘҚМ, Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым министрлігі, МАМ, ІІМ, БП, СІМ, сондай-ақ Жоғарғы Сот) басшыларынан құралған ҚР делегациясы Комитет мүшелерінің сұрақтарына егжей-тегжейлі ақпарат берді. Бұл жауаптар, атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдардың теңдігі мен кемсітпеу қағидаттарын қамтамасыз ету тәжірибесін, барлық деңгейдегі білімге, медициналық қызметке қолжетімділікті іске асыруды және т.б. қамтыды. БҰҰ Конвенциясының адал орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында түрлі органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы атап өтілді.

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Ляззат Қалтаева мен Мәжіліс депутаты Тансәуле Серіковтың мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына қатысты заңнаманы нығайту және олқылықтарды жою, олардың қоғам өміріне тең, толық және мағыналы қатысуын қамтамасыз ету үшін елдің заңнамалық бастамалары туралы хабардар етудегі рөлі ерекше маңызды болды.

Үкіметпен диалогтың соңында Комитет мүшелері қазақстандық делегацияның баяндаманы қарауға дайындығын жоғары бағалады және интерактивті диалог барысында конструктивті көзқарасы үшін алғысын білдірді.

Халықаралық сарапшылар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудегі Қазақстанның саясаты мен заңнамасын жүйелі жетілдіру бойынша қабылданған шараларын атап өтті. Сондай-ақ, Комитет Қазақстанның мемлекеттік жүйесінде жоғары лауазымдарда қызмет атқаратын азаматтық сектордың белсенділігін жоғары бағалады. Комитет мүшелері БҰҰ Конвенциясын жан-жақты жүзеге асыру үшін Үкіметтің азаматтық қоғамға қолдау көрсетуін жалғастыратынына сенім білдірді.

Комитет қатысушы мемлекеттердің Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының орындалуына мониторинг жүргізетін 18 тәуелсіз сарапшыдан тұрады.

Конвенцияның 35-бабына сәйкес, мемлекеттің алғашқы баяндамасы Конвенция ратификацияланғаннан кейінгі екі жыл ішінде, содан кейін – әрбір төрт жыл сайын ұсынылуы тиіс.

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025354 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.