Алматы әкімдігі 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат бермеу себебін түсіндірді
Бұл туралы Vlast жазды.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, биыл оларға мұндай акцияны өткізбеуді талап еткен 20-дан астам өтініш түскен. Одан бөлек әлеуметтік желілерде феминистер акциясына тыйым салуды сұраған 100-ден астам материал жарияланған.
Бізге келіп түскен өтініштер мен әлеуметтік желілердегі хабарламаларда бұл азаматтардың Халықаралық әйелдер күніне арналған акциялар кезінде әйелдер құқығы үшін күрес дегенді желеу етіп, іс жүзінде дәстүрімізге жат құндылықтарды, бір жынысты қатынастарды, некені, ЛГБТ белгілері мен тағы басқа жайттарды насихаттады деп мәлімдеді, — дейді әкімдік.
Әкімдік «Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымыз» деген оннан астам адамның ЛГБТ-ға қарсы акция өткізгенін де алға тартқан.