Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турниріне қатысудан неге бас тартқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Биыл денсаулық мәселесіне байланысты Индиан-Уэллс турниріне қатыса алмайтынымды үлкен өкінішпен хабарлаймын. Жақын адамдарым бұл жарыстың мен үшін қаншалықты маңызы зор екендігін, былтырғы чемпиондық атағымды қорғағым келгенін біледі. Мені қолдауға келген барлық жанкүйерлеріме ризашылығымды білдіремін. Олардың биыл менің ойынымды көре алмайтыны өкінішті. Енді мен кортқа қайта оралу үшін демалып, қалпыма келемін», – деді Рыбакина.
stan.kz