Қазақстандықтар Таиландта 30 күн визасыз жүре алады
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қолданылу мерзімі кемінде алты ай болуы тиіс жарамды жол жүру құжаты бар азаматтар (қазақстандықтар) аумаққа кіруге, шығуға, транзитке, уақытша тұруға визалық талаптардан босатылады. Алайда олар Таиландта күнтізбелік 180 күннің 90 күнінен артық болмауы тиіс.
Қазақстан азаматы екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік отыз күннен артық болғысы келсе, онда ол тиісті виза алуы тиіс. Құжатты қоғамдық талқылау 2024 жылдың 29 наурызына дейін жалғасады.