Тараз қаласының прокуратурасы талдау жүргізу барысында мемлекет пайдасына тәркіленген жалпы сомасы 110,2 млн теңгенің мүлкін жасыру фактісін анықтады.
Бұған дейін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «ASCO Pro» ЖШС-нен 110,2 млн теңге сомасындағы алкогольдік өнімдер тәркіленген.
Алайда мекеменің бұрынғы басшысы тәркіленген тауарларды жасырған.
Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-тің 425-бабы (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататаын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер) бойынша қылмыстық істі тіркеді.
Тараз қалалық № 2 сотының 07.03.2024 жылғы үкімімен «ASCO Pro» ЖШС-ның бұрынғы басшысы ҚК-тің 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ сотталғаннан мемлекет пайдасына 110,2 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.