«Хабар» арнасындағы «Бірақ…» атты ток-шоу жабылды
Редакция күйеуінен зәбір көрген 6 баланың анасын студияға шақырған. Ол 18 жыл бойы зорлық-зомбылық көрген. Күйеуі ұрып-соғып, қолын да сындырған.
Бағдарлама авторлары әйелдің түрін көрсетпеуге уәде берген, күйеуі бағдарламаға шақырылмайтынын айтқан. Бірақ көріп тұрғаныңыздай, ешбір уәде орындалмаған. Салдарынан студияда күйеуін көрген әйелдің психологиялық жағдайы қиындап кетті.
«Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуге тиіс еді. Редакция кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламауы қажет еді», — деп жазды министр Балаева.